2021 жылғы қаңтар-сәуірдегі Нұр-Сұлтан қаласының демографиялық ахуалы туралы
2021 жылғы 1 мамырға Нұр-Сұлтан қаласы халқының саны 1199083 адамды құрады. 2020 жылғы сәйкес күнмен салыстырғанда халық саны 49136 адамға немесе 4,3%-ға өсті.
2021 жылғы қаңтар-сәуірдегі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тұтастай алғанда 9223 туылғандар тіркелді, бұл 2020 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 10,5%-ға артты. Туудың жалпы коэффициенті халықтың 1000 адамына шаққанда 23,25 туылғандарды құрады.
Осы кезең ішінде қалада 1801 адам қайтыс болды. Қайтыс болғандардың жалпы коэффициенті халықтың 1000 адамына шаққанда 4,54 қайтыс болғандарды құрады.
2021 жылдың қаңтар-сәуірінде халықтың табиғи өсімі 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 267 адамға немесе 3,7% -ға артты.
Халықтың өлім себептерінің негізгі топтарының арасында ең жоғары үлестік салмақты, әдеттегідей, қан айналымы жүйесі аурулары - 24,7%, жаңа өскін - 14,3%, жазатайым оқиғалар, тыныс алу органдарының аурулары - 6,3%, улану және жарақаттану - 7,9%-ды алады.
Халықтың ағымдағы есебінің деректері бойынша 2021 жылғы қаңтар-сәуірде елордаға 41576 адам келіп, 34326 адам кетті (көші-қон айырымы +7250 адам).
Қаланың негізгі көші-қон алмасуы өңіраралық көші-қон есебінен қалыптасқан: 2021 жылғы қаңтар-сәуірде келгендер 20403 адамды, кеткендер 12970 адамды құрайды.
[xfvalue_img]