Сотталғандар Тұңғыш Президент туралы фильмді тамашалады
Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінің тәрбие бөлімінің қызметкерлері жазасын өтеуші азаматтарға Елбасының өмір жолынан түсірілген фильмдерден кинокөрсетілім ұйымдастырды.
Фильмнің сюжеті Елбасының 1971-1978 жылдардағы өмірі жайлы баяндайды. Жаңа кинотаспа бас кейіпкердің Қарағанды металлургия комбинаты партия ұйымының басшысы ретінде қалыптасу кезеңін суреттейді. Оқиғалар оның Днепродзержинскідегі оқудан кейінгі және Қазақстан магниткасындағы жұмысының басталған кезіндегі өмірін қамтиды. Фильмде үлкен саясатқа қадам басқан Елбасымыздың сол кездегі қызметі мен ішкі толғаныстары шынайы бейнеленген.
Сотталғандар Тұңғыш Президентіміздің қарапайым өмірінен Елбасына дейінгі өмір жолын қызыға тамашалады.
«Мен мемлекетіміздің қалыптасу тарихынан, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірінен көп маңызды мағұлматтар білдім. Барлығы маған әсер етті, қызыға тамашаладым. Мекеме әкімшілігіне алғысымыз шексіз »,- дейді сотталған азамат.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]