Тұңғыш Президент күні қарсаңында солтүстікқазақстандық полициядағы Тәуелсіздік құрдастары облыстық тарихи-өлкетану музейін тамашалады
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері патриоттық тәрбиеге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізуде. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ішкі істер органдарының 11 қызметкері облыстық тарихи-өлкетану музейінде экскурсияда болды. Оның алтауы тәуелсіз мемлекетіміздің құрдастары. Полицейлер Тұңғыш Президент залын тамашалады. Оларға Елбасының өмірі, өткен жолы, жас мемлекетіміздің тарихындағы басты кезеңдер жайлы музей қызметкері әсерлі айтып берді.
«Тәуелсіз Қазақстанның тарихы көшбасшының кәсіби жолынан қысқа, бірақ жарқын оқиғаларға толы, - дейді СҚО ПД Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының аға инспекторы Жақсылық Нұғұманов. - Бүгінде Тәуелсіздік құрдастарының буыны ел тарихын өздерінің іс-әрекеттерімен жасауда. Полиция қызметкерлеріне еліміздің құқықтық тәртібін сақтау жауапкершілігі жүктелген. Бұл азаматтарымыздың тыныштықта өмір сүріп, Отанымыздың игілігі үшін еңбек етуінің қажетті шарты».
Облысымыздың басты музейінде болған Тәуелсіздік құрдастарының арасында әкімшілік полиция басқармасынан екі қызметкер, кезекшінің көмекшісі, облыстық патрульдік полиция батальонының взвод командирі, криминалист, көші-қон қызметі басқармасының жүргізушісі болды. Офицер құрамындағы аға лейтенант пен капитандар. Бұл заңдылық пен құқық тәртібін сақтауда қызмет ету тәжірибесі бар, әлі де атқаратын істері бар, қалыптасқан кәсіби мамандардың буыны. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен еңбегіне арналған залдағы экскурсия полицейлерге одан әрі қызмет етуге серпін беріп, терең әсер қалдырды.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
1 пікір