ҚАЖ қызметкерлері Елбасы туралы көрмені тамашалады
29.11.2021 жылы 1 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада "Көш бастаған Елбасы" тақырыбындағы кітап көрмесін тамашалады.
Кітапхана қызметкері Тұңғыш Президенттің отбасы, жастық шағы, тәуелсіздік жылдарындағы ерен еңбегі туралы айтып өтті:
Еліміздің тыныштығы мен ұлтаралық татулық және Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріміз Тұңғыш Президентімізбен байланысты, деген тоқетер сөзбен тоқтады ол.
Шараның мақсаты қызметкерлерді патриоттық рухта тәрбиелеу, Елбасы Н.Назарбаевтың еңбектерін насихаттау, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы рөлін көрсету.
"Кітапхана қызметкері кемеңгер тұлға Елбасының жастық шағы мен басшылыққа дейін жүріп өткен жолдары, еңбектері туралы жан-жақты мағұлмат берді. Бүгінде Елбасының көреген салиқалы саясатының арқасында Қазақстан барлық қиындықтардан аман-есен шығып, дүниежүзі таныған абыройлы елге айналды. Тұңғыш Президенттің өмірбаяны туралы көптеген қызықты мәліметтерді білдік", - деді әділет майоры Гүлмира Алтынбек.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]