Стати жеңілісін мойындады: Ұлттық қордың 530 миллион АҚШ доллары сомасына салынған тыйым алынады

Стати жеңілісін мойындады: Ұлттық қордың 530 миллион АҚШ доллары сомасына салынған тыйым алынады

2021 жылғы 22 қарашада Анатол мен Габриель Стати Бельгиядағы Ұлттық қордың 530 миллион АҚШ доллары сомасына тең активтеріне салынған тыйымның күшін жою керек екендігін мойындады. Бұл Қазақстан Республикасы мен Қазақстан Ұлттық Банкіне қарсы Бельгиядағы процесте Статидің ешқандай перспективасы жоқ екендігінің белгісі.

Статимен салынған тыйымның алынуы Брюссель Апелляциялық сотының 2021 жылғы 16 қарашадағы шешімінің тікелей нәтижесі болып табылады. Бұл шешім Статидің ірі көлемдегі алаяқтық схемаға қатысы бар және ол тек төрелік сотты ғана емес, сонымен қатар, төрелік шешімнің күшін жою жөніндегі процесс кезінде Швеция соттарын да жаңылыстырғанын анықтады.

Стати Бельгиядағы сот талқылауын 2017 жылдың соңында қозғады. Бұл 2018 жылғы мамырда Bank of New York Mellon сақтауындағы Ұлттық қорға тиесілі 530 миллион АҚШ долларына тыйым салынуына әкеп соқты.

Бельгиядағы іс жүргізу келесі үш процесті қамтиды: (і) төрелік шешімді тану және орындау бойынша іс жүргізу, (іі) уақытша тыйым салу бойынша іс жүргізу және (ііі) активтерге уақытша тыйым салуды атқарушылық іс жүргізуге ауыстыру. Осы процестер Брюссельдің Апелляциялық сотымен Стати ұйымдастырған ірі көлемді алаяқтық нәтижесінде алынған төрелік шешімге негізделген.

Бүгінгі жаңалықтарды Әділет министрі Марат Бекетаев келесідей түсіндірді:

«Бельгиядағы 530 миллион АҚШ долларына тыйым салудан Статидің өз еркімен бас тартуы - олардың ірі көлемдегі алаяқтық әрекеттерінің салдарының бірі ғана. Стати мен олардың сыбайластарының, оның ішінде Дэниел Чапман мен оның Аргентем Крик компанияларының алаяқтығынан заңның үстемдігін қорғау жолында Әділет министрлігі  қол жетімді барлық құралдарды қолданатын болады. Бұл құқықтық қорғау құралдары Республикаға қарсы Статимен жалған және заңсыз қудалау науқанын жүргізіп жатқан Бельгияда және басқа да юрисдикцияларда бар».

Сонымен қатар, уақытша тыйым салу процесі аясында Лондонның Жоғарғы сотында бөлек сот процесі болғанын қосымша хабарлаймыз. Оның нәтижесінде 2020 жылғы наурызда Республика мен Ұлттық Банк пайдасына шешім қабылданды. Осы Лондондағы процесте Жоғарғы соттың 2021 жылғы ақпандағы Республика мен Ұлттық Банктің 3,7 миллион доллар көлеміндегі сот шығындарын төлеуге міндеттейтін шешім Статидің жеңілісінің нәтижесі болды. Алайда, Стати шешімді осы уақытқа дейін орындамады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.