"Жеңілдету" үшін шекті арттырыңыз Жеке кәсіпкерлерге арналған үш құрамдасты интеграцияланған жүйе
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 382–VI кодексіне Салық кодексінің 82–бабының 4-тармағы бойынша қосылған құн салығы (бұдан әрі-ҚҚС) бойынша міндетті түрде қою 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап өзгеріс енгізу қарастырылған деп хабарлайды.
Ең төменгі айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшеріне дейін төмендетілді.
«2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңынын жобасында 22 жылға 3063 теңге сомасында айлық есептік көрсеткіш мөлшері айқындалған.
Тиісінше, 2022 жылдың басынан бастап айналым 61 260 000-нан асқан кезде салық төлеуші ҚҚС бойынша есепке тұруға міндетті.
Бұл ретте, Үш құрамдасты Интеграцияланған Жүйе (ҮИЖ) пайдалану арқылы қолма-қол ақшасыз жолмен алынған айналымдарға қатысты қосылған құн салығы бойынша шек 124 184 АЕК-ке дейін көтерілді (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
Үш компонентті интеграцияланған жүйе
2019 жылдан бастап ҚР Салық кодексінде үш компонентті интеграцияланған жүйе (ҮИЖ) деген ұғым пайда болды. Жүйенің мәні бірыңғай ақпараттық платформа базасында онлайн БКМ, POS-терминал және тауарлар мен қызметтерді есепке алу жүйесін біріктіру болып табылады. ҮИЖ сату процесінің ашықтығын қамтамасыз етуі, есеп пен салық салуды автоматтандыруы тиіс.
ҮИЖ-нің үш компоненті бар:
1) онлайн бақылау-касса машинасы (БКМ);
2) төлем компоненті (POS-терминал);
3) есептеу жүйесі (ERP-жүйесі).
Қазіргі уақытта ҮИЖ тізіліміне 3 модель (Trinity және Trinity 1.2, Prosklad.kz) енгізілді. Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін (АСР) қолданатын жеке кәсіпкер пайдалануға олардың қай-қайсысын таңдай алады.
Салық кодексінің 82 және 683-баптарында жүйені пайдаланудың мынадай артықшылықтары көзделген:
- ҮИЖ бойынша өтетін қолма-қол ақшасыз айналымдардың (төлем картасымен төлеу) сомасы ҚҚС бойынша есепке қою үшін айналымға, сондай-ақ оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін табыс сомасына енгізілмейді;
- ҮИЖ-де салықтық есепке алу модулі бар, онда тауарлардың қозғалысы, сондай-ақ салық есептілігін, оның ішінде жалдамалы қызметкерлердің жалақысы бойынша қалыптастыруға мүмкіндік беретін элементтер көрсетіледі.
Осылайша, ҮИЖ пайдалану кезінде табыс ұлғайған кезде кәсіпкерлерде АСР бойынша белгіленген шектердің асып кетуі немесе ҚҚС бойынша есепке қою қажеттілігі туралы алаңдаушылық туындамайды.
ҮИЖ-не және оны есепке алуға қойылатын талаптар, ҮИЖ-ін орнату және қолдану қағидалары "Үш компонентті интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығымен бекітілген.
ҮИЖ-ін тіркеу салық төлеушінің кабинеті арқылы жүргізіледі.
[xfvalue_img]
26 пікір