Жеке тұлғалардың көлік салығы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI Кодексінің (әрі қарай – Салық кодексі) 490-бабына сәйкес, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар көлік құралдары салығынның төлеушілер болып табылады.
Тіркемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында тіркелген және (немесе) есепте тұрған көлік құралдары салық салу объектілері болып табылады.
Осы Кодекстің 491-бабының ережелеріне сәйкес салық салу объектілері болып табылмайды:
1) жүк көтергіштігі 40 тонна және одан жоғары карьерлік автосамосвалдар;
2) мамандандырылған медициналық көлік құралдары;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемелері;
4) мүлік салығын салу объектісі болып табылатын арнайы автомобильдер.
Салық төлеуші салық кезеңі үшін салық сомасын салық салу объектісіне осы Кодекстің 492-бабына сәйкес салық ставкаларын қолдану арқылы есептейді.
Жеке тұлғалар үшін бюджетке көлік құралы бойынша салық төлеу мерзімі салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірілмейтін күн болып табылады, сонымен қатар жеке тұлғалар тұрғылықты мекен-жайлары бойынша көлің салығын төлейді..
Көлік құралдары салығының салық кезеңі 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл болып табылады.
Сонымен қатар, "2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Президентінің 08.04.2020 ж. № 299 жарлығымен жоғарыда көрсетілген заңға өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап АЕК мөлшері 2 778 теңге мөлшерінде белгіленген.
Осылайша, Қазақстанда 2020 жылға 1 АЕК мөлшері: 2020 жылғы 1 қаңтардан 31 наурызға дейін: 2 651 теңгені құрайды. 2020 жылғы 1 сәуірден бастап: 2 778 теңге. Бірақ та, Салық кодексінің 492-бабының 3-тармағына сәйкес көлік құралдары салығын есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын АЕК қолданылады.
Осылайша, 2020 жылы көлік құралдарына салықты есептеу үшін 2020 жылғы 1 қаңтарға қолданыстағы АЕК, яғни 2 651 теңге қолданылады.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік
кірістер департаменті Есіл ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
өндірістік емес төлемдер бөлімі
[xfvalue_img]