Бас прокуратурада азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау және қылмыстық процесті жаңғырту кезеңдері талқыланды

Бас прокуратурада азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау және қылмыстық процесті жаңғырту кезеңдері талқыланды

2021 жылғы 8 қазан, Нұр-Сұлтан. Басты қадағалау органында қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшу және азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесі мен алқаның отырыстары өтті.

Кеңес жұмысына Бас прокуратураның Үйлестіру кеңесі мен алқа мүшелері, құқық қорғау ведомстволарының басшылары, облыстардың прокурорлары мен аумақтық қылмыстық қудалау органдарының бастықтары қатысты.

Прокурордың мақұлдауынсыз заңды күші болмайтын сотқа дейінгі тергеу органдарының негізгі процестік шешімдерін келісудің алғашқы нәтижелері талқыланды.

Бұл адал азаматтарды қылмыстық ортаға тартуға жол бермей, қабылданған шешімдердің заңдылығын ерте кезеңінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылық, техникалық және кадрлық шаралар кешені тергеушілер мен прокурорлардың өзара іс-қимылын жақсартты.

«Біз бірлескен жұмыстың нәтижесін көріп отырмыз. Қателер, айла-шарғылар мен бұзушылықтар азая түсті. Процеске қатысушылардың шағымдары үшін алғышарттар қысқаруда», - деді Бас Прокурор.

Жыл басынан бері тергеу органдарының 290 мың қаулысы прокурорлық сүзгіден өтті, оның 36 мыңы бойынша келісуден және бекітуден бас тартылды.

Заңсыз шешімдерге ден қою жеделділігі артты. Егер бұрын оған бір айға жуық уақыт кетсе, қазір істердің 97%-і 3 күн ішінде зерделенуде.

Нәтижесінде азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу саны 14%-ке, оның ішінде сотқа дейінгі сатыда - 38%-ке қысқарды.

Тергеу органдарының изоляторлары мен қызметтік үй-жайларында заңсыз ұсталған адамдар үш есеге (33%) азайды.

2 мыңнан астам азаматтың қылмыстық ортаға негізсіз тартылуына жол берілмеді.

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының қыркүйектегі Жолдауын орындау үшін реформаның  келесі кезеңі – прокурорларға  аса ауыр қылмыстар бойынша айыптау актілерін жасау құқығын беруді енгізуге дайындық жүргізілуде.

Сәйкес заң жобасы Парламентке енгізілді.

Бұл прокурордың дәлелдемелерді тәуелсіз құқықтық бағалау тетігін күшейтеді және оның айыпталушыны сотқа бергені үшін жауапкершілігін дербестендіреді.

Осыған байланысты Бас прокуратура Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, 2021 жылдың шілдесінен бастап бүкіл ел бойынша пилоттық режимде екінші кезеңді сынақтан өткізуде.

Кеңес қорытындысы бойынша қылмыстық процестің үш буынды моделін дамытуға және азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзуға жол бермеуге бағытталған қосымша шаралар кешені әзірленді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.