2021 жылдың «Үздік педагогтары» Елордалық «Antikor Ortalyǵy» алаңында
«AntikorLive» жобасы аясында «Antikor Ortalyǵy» сервистік орталығында «Үздік педагог» байқауы жеңімпаздарының қатысуымен өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлауын қалыптастыру тақырыбында тікелей эфир өткізілді.
Айта кетейік, «Үздік педагог» республикалық байқауы 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде конкурс аясында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім берудің 500-ге жуық педагогы марапатталды.
Биылғы жылы үздік педагогтарды марапаттаудың 10-шы мерейтойлық рәсімі атақты қазақ педагогы Ыбырай Алтынсариннің 180-жылдығымен тұспа-тұс келді, сондықтан салтанатты іс-шара Қостанай қаласында, көрнекті ағартушының тарихи отаны болып өтті.
Спикерлер ретінде кәсіби-техникалық колледждің өндірістік оқыту шебері Бибосынов Бейбіт Дүйсенбіұлы және Мәшһүр Жүсіп атындағы N57 орта мектебінің география пәні мұғалімі, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Кулметов Сарвар Юсупжанович сөз сөйледі.
Эфир барысында спикерлер сыбайлас жемқорлыққа деген қарым-қатынасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өз идеяларымен бөлісті.
Бейбіт Бибосыновтың пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті мектеп кезінен бастап тәрбиелеу керек және бұл тек сынып жетекшілерінің ғана емес, бүкіл педагогикалық ұжымның міндеті.
Өз кезегінде Сарвар Құлметов мектеп оқушыларын тәрбиелеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен парасаттылық қағидаттарын дарытуға ықпал ететін әңгімелесулер, дебаттар, талқылаулар, шығармашылық конкурстар өткізу және «Адал Ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша үйірмелер ұйымдастыру сияқты мектепте өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы айтты.
Спикерлер барлық педагогтарды сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті сақтауға және өз оқушыларының бойында тек ең жақсы қасиеттерді қалыптастыруға шақырды.
Сонымен қатар, тікелей эфир соңында қатысушылар желі қолданушылардың сұрақтарына жауап берді.
[xfvalue_img]
17 пікір