Ұлағатты Ұстаздар ұлықталды

Ұлағатты Ұстаздар ұлықталды

 

Қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі. Осыған орай, бүгін Абай атындағы мәдениет кешенінде салтанатты шара өтті. Биыл да жыл сайынғы дәстүр бойынша мерекелік кеш кезінде өз кәсібінің шебері деп танылған педагогтар мен үздік білім беру ұйымдары анықталып, облыс әкімінің сыйлығы табысталды. Аймақ басшысы ұрпақ тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін білім қызметкерлері мен ардагерлеріне алғысын білдірді.

- Алдағы уақытта жаңа заң аясында мұғалімдердің жалақы мөлшерін ұлғайту, қосымша еңбек үшін үстемеақы төлеу, заңсыз тексерістерді болдырмау жүйелі жолға қойылады. Мұғалімнің ар-ожданы мен қадір-қасиетін қорғау, болашақ іргесі – білімді жастарды ізгілендіруде атқарған еңбегін өз деңгейінде бағалау, әлеуметтік әрі материалдық қолдау көрсету іске асады. Жаңа заманның жас ұрпағына сапалы білім беру үшін педагогтар да кәсіби білім-біліктілігін жан-жақты жетілдіріп, үздіксіз ізденіс дағдысын қалыптастыруы тиіс, - деді Серікбай Трұмов.

Маңғыстау облысы әкімдігінің бастамасымен жыл сайын өткізілетін «Білім үздігі» конкурсының маңызы зор. Осы жылы конкурсқа қатысу үшін 160 педагог және 22 білім беру ұйымы құжаттарын ұсынған. «Үздік ауыл мектебі» алғашқы номинациясы бойынша Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектеп лицейі үздік деп танылды. Бұл білім ордасы «ЮНЕСКО клубы» құрамына енген. «Үздік қала мектебі» номинация бойынша «Білім-инновация» лицейіне, «Үздік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы» номинация бойынша Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжіне, «Үздік мектепке дейінгі ұйым» номинация бойынша Қарақия ауданы «Айгөлек» балабақшасына, «Үздік қосымша білім беру ұйымы» номинация бойынша Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебіне 1 миллион теңге сыйақы табысталды.

Педагогтар отбасын насихаттау және әлеуметтік қолдау мақсатында облыста жыл сайын «Үлгілі педагог отбасы» сайысы өткізіліп тұрады. Биыл осы номинация бойынша бас жүлдені Джамаловтар жанұясы иеленді.

Сонымен қатар, 12 номинация бойынша және «Жыл мұғалімі» номинациясының ІІ орынға ие болған ұстаздарына арнап 500 мың теңге мен облыстық кәсіподақ ұйымының атынан Щучинск шипажайына жолдама берілді.

Өлкемізде әулетімен мұғалімдік қызметті таңдап, ұстаздар династиясын құрған Көрпелиевтер жанұясы, 500 мың теңге сертификатпен марапатталды.

Сондай-ақ, өз мамандығының кәсіби иелері ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін, екі мұғалім «Ыбырай Алтынсарин», үш мұғалім «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерін, тағы 19 ұстаз облыс әкімінің алғыс хаттарын алды.

 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.