Мекеме қызметкерлеріне тұмауға қарсы екпе салынды
Тұмауға қарсы екпе жыл сайын салынады. Тұмау – тыныс алу жолдарының жіті ауруы. Тұмау кезінде бас ауырып, адамның иммунитеті әлсірейді. Маусымдық аурудан қорғанудың ең сенімді әдісі – тұмауға қарсы екпе салдыру.
Осыған орай, қызметкерлердің денсаулығын сақтау мен аурудың алдын алу мақсатында ЗК-169/4 мекемесінің қызметкерлеріне екпе салынды.
Мекемеге Қызылорда облыстық Полиция департаменті емханасының дәрігерлері келіп,қызметкерлерге алдымен түсіндірме жұмысын жүргізіп, нәтижесінде 38 қызметкер тұмауға қарсы екпе алды.
Дәрігер Айгүл Байкееваның айтуынша, тұмауға қарсы вакцина – кез - келген вирустан қорғаудың ең тиімді жолы. Салынған екпе, 6 айдан 12 айға дейін иммунитетті күшейтуге көмектеседі.
- Екпені уақытында алудың маңызы зор. Вакцина жасасаңыз, бойыңызда вирусқа қарсы антиденелер пайда болады. Қазіргі короновирустық инфекцияның қаупі жойылмай тұрған жағдайда, тұмау қосылмаса толқын жеңіл өтеді. Өйткені коронавирус пен тұмау ұқсас. Яғни, екеуі де тыныс алу жүйесі ауруын қоздырады. Екі вирус та жақын байланыс, ауа арқылы жұғады. Сондықтан жеке гигиенаны сақтау қажет- деп түсіндірді дәрігер жеке құрамға.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]