Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет түрлі алаңдарда алдағы бес жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын айқындайтын стратегиялық құжат жобасын талқылауды жалғастыруда.
Тиісті тапсырманы Президент өзінің Қазақстан халқына Жолдауында бергені белгілі.
Бұл жолы Агенттік алаңында белгілі қазақстандық экономистер жиналды. Олардың ішінде, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Р.Жүрсінов, «TALAP» орталығының директоры Р.Ошақбаев, «Атамекен» ҰКП атқарушы директоры А. Қысықов, зерттеу және консалтинг орталығының директоры Қ. Қожымов және «Dasco Consulting Group» басқарушы серіктесі Д. Сәдуақасов бар.
Жиынды ашқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов аталған құжаттың қоғамның барлық саласына қатысты болатынын атап өтті. Оның айтуынша, Агенттік барлық әлеуметтік топтардың өкілдерімен жаңа құжатты жан-жақты талқылауға мүдделі.
Талқылауға қатысушылар салалық мамандар мен сарапшылардың пікірлерін ескере отырып, стратегиялық құжатты әзірлеу тәсілдері бойынша өз ұсыныстарын айтты.
[xfvalue_img]