ӘДІЛ АХМЕТОВПЕН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ»
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті жаңа оқу жылында «Адалдық сағатының» кейіпкері ретінде Әділ Ахметовті белгіледі.
Нар тұлғалы бейнесімен театр және кино сүйер көрермендерін қуантып жүрген ол Алматы қаласының тумасы.
Әділ Ахметов Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты, Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Нұр-Сұлтан қалалық Жастар театрының негізін қалаушылардың бірі, белгілі театр және кино актері.
«Адалдықты, парасаттылықты, мейірімділікті балаға сіңдіру – бұл ата-ананың міндеті. Ол үшін әрбір ата-ана өзінен бастау керек» деп сұхбатын бастаған Әділ Ахметов, өсіп келе жатқан жас буынды тәрбиелеуде ата-ана рөлінің маңыздылығын атап өтті.
Атақты ойшыл Әбу Насыр әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен. Бұл сөздің растығын өмір тәжірибесі талай мәрте дәлелдегені белгілі. Осы орайда біздің ата-бабаларымыз тәрбиенің орны бөлек екенін жақсы білген. Өйткені ұрпаққа үлгілі тәрбие бере алу – қоғамның өзін, елдің тірегін қалыптастыру. Соның ішінде балаға өнегелі тәртіп пен құқықтық тәрбие бере білу – өлшеуі жоқ қазына екендігін жеткізді.
«Адам бойындағы ең жақсы қасиет – ол адалдық және парасаттылық. Осы екі ұғымға барлық жақсы қасиеттерді тоғыстыруға болатындығын атап өтті.
Онлайн-дәріс барысында Әділ Ахметов жастарға толымды өмірлік кеңестер берді, мәселен қандай қиындық болмасын сынып қалмай мойымай өтуге, табиғатты сүюге, жаңына жақсы жандарды жинау білуге кеңес берді
Ой тебіренісін сахнадағы қойылымдары арқылы, кинодағы рөлдері арқылы жеткізіп жүрген тұлғаның жастарға парасаттылық туралы айтқан сөздері көзі қарақты жастардың жүрегінен орын табады деп есептейміз.
«Адалдық сағаты» аясында Қазақстанның танымал тұлғаларын тарта отырып, жастар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету жалғастырылатын болады.
Бейне-дәріске сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=R5_O0ICvli8
[xfvalue_img]
1 пікір