2021 жылғы 2-тоқсандағы Нұр-Сұлтан қаласындағы ірі және орта кәсіпорындардағы жұмыс күшінің қозғалысы туралы
Жедел деректер бойынша Нұр-Сұлтан қаласының ірі және орта кәсіпорындарына 2021 жылдың 2-тоқсанында 23 913 адам жұмысқа қабылданды, түрлі себептермен 22 560 адам кетті. Бір тоқсан ішінде босаған қызметкерлер арасында өз еркімен кеткендердің үлесі 80,9%, персонал санының қысқаруына және кәсіпорынның таратылуына байланысты 1,2%, еңбек тәртібін бұзу мен өзге де себептерге байланысты босағандар үлесі 17,9%-ды құрады.
2021 жылғы 2-тоқсанда қабылдау бойынша айналым коэффициенті 10,2%-ды және жұмыстан босау бойынша айналым коэффициенті 9,6%-ды құрады.
Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті
[xfvalue_img]
7 пікір