Спорттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Спорттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

«Anikor.Live» жобасы аясында ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының м.у.а. Жігер Байділдин облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Досжан Уалхановпен «Спорттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында тікелей эфир өткізді.

Ағымдағы жылдың маусым айында ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі спорт және дене шынықтыру басқармасының және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Талдау қорытындысы бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет бөлігіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, басқарма жұмысын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердегі коллизиялар, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды өткізу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

«Сыртқы талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Аталған қайшылықтарды жою үшін басқарма ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне хат жолдады. Басқарманың, ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларының мүдделер қақтығысын, атап айтқанда мүдделер қақтығысы фактілерін ашу және анықтау тәртібін айқындай отырып, реттеу жөніндегі қағидалар әзірленді. Ведомстволық бағынысты мекемелерде бірінші басшылардың бұйрығымен мүдделер қақтығысын реттеу және мекеме ішіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру функцияларын жүктей отырып, комплаенс-офицерлер тағайындалды» - деп атап өтті Досжан Нұрбайұлы.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 126-тармағын орындау шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар адамдарды анықтау бойынша мониторинг жүргізілді. Мониторинг жүргізу кезінде басқарманың барлық ведомстволық бағынысты ұйымдары, 2000-нан астам қызметкер қамтылды.

«Мониторинг барысында бұзушылықтар негізінен ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап басқаруға көшкен ведомстволық бағынысты ұйымдарда анықталды. Сонымен, сотталғандығы бар адамдар анықталды: сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін – 4; қасақана кісі өлтіргені үшін – 1; экстремистік немесе террористік қылмыстар үшін – 1; зорлау үшін – 10; есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, сақтау, өткізу үшін – 9; денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін (жеңіл және орташа ауырлықтағы) – 17; психоневрологиялық диспансерде мәжбүрлеп емдеуден өткендері - 2" - деді Досжан Уалханов.

Өз кезегінде ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының м.у.а. Жігер Байділдин басқарма басшылығына ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен тікелей эфирлер өткізуге көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, Жігер Еркінбекұлы басқарма қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары тарапынан заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында басқарманың сенім телефонының қызметін 8 7232 702-276 белсенді насихаттауды ұсынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.