Мемлекет шалғын көбелекпен күрес үшін кеткен  шығынның 50 пайызын  өтейді - ҚР АШМ

Мемлекет шалғын көбелекпен күрес үшін кеткен шығынның 50 пайызын өтейді - ҚР АШМ

 

Ағымдағы жылы еліміздің Солтүстік, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында климаттық жағдайларға байланысты шалғын көбелегінің жаппай көбею қаупі өсіп отыр.

Министрлік тарапынан осы зиянды организмнің нақты таралу ареалын анықтау үшін қажетті фитосанитариялық тексерулер жүргізілді. Бүгінгі таңда 306,59 мың га жер зерттелді, жалпы таралу ауданы 16,979 мың га құрайды, оның ішінде Ақтөбе облысында таралу ауданы 2,892 мың га құрайды. Зиянкестің мемлекеттік қордағы жерлердің арам шөптерінде, сондай-ақ дәнді және майлы дақылдар егістіктерінің бойында таралуы байқалады.

Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Е. Қарашөкеевтің тапсырмасы бойынша Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы А. Марс Ақтөбе облысына шалғын көбелегіне қарсы күрес және қорғау шараларын жүргізу бойынша, жұмыстарды ұйымдастыру және қажетті басқарушылық шешімдер қабылдау үшін іс-сапарға жіберілді.

         Айта кету керек, АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен бизнес өкілдерінің бастамаларына сәйкес, 2020 жылдан бастап шалғын көбелегіне қарсы қорғау шараларын жүргізу жөніндегі жауапкершілік пестицидтер құнының шығындарын 50% - ға дейін өтеу үшін субсидиялар бере отырып, жергілікті атқарушы органдардың құзыретінен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің құзіреттеріне берілген.

         Биыл пестицидтерді субсидиялауға жалпы 32,3 млрд.теңге, оның ішінде Ақтөбе облысына 545,8 млн. теңге бөлінген.

Техникалық қайта жарақтандыру бойынша инвестициялық субсидиялар беру аясында шаруа және фермерлік қожалықтарға өсімдіктерді қорғау құралдарын енгізу бойынша бүріккіштерді арзандату үшін өздігінен жүретін бүрку техникасы құнының 50% - ына дейін субсидиялау көзделген, сондай-ақ тракторлардың құнын арзандатылатын болады, отандық өндіріс тракторлары бойынша құнының 30% - ына дейін, импорттық өндіріс үшін 25% - ына дейін субсидиялау көзделген.

         Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының әкімдігімен 2,2 мың га алаңда химиялық өңдеу жүргізуге қаржы бөлінген. Қорғау іс – шараларын жүргізу тиімділігі жоғары бүріккіш техника-газ генераторларын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.