Тәртіптік комиссиялардың жұмысы талқыланды

Тәртіптік комиссиялардың жұмысы талқыланды

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысын қорытындылады.

Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында 386 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

2020 жылдың ұксас кезеңімен салыстырғанда тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметшілер санының 8%-ға артқанын атап өткен жөн (2020 жылдың 1 жарты жылдығында 357 адам жауапкершілікке тартылды).

Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері арасында тәртіптік теріс қылықтардың ең көп мөлшерін бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері жасады.

Департаменттің құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізген түсіндіру жұмыстарына қарамастан, мемлекеттік органдардың тәэртіптік комиссиялары тәртіптік жаза қолдану кезінде бұзушылықтарға жол берген.

Мысалы, аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесінің бас маманы қадағалау органының ұсынуы бойынша аппарат басшысының атына түсініктеме берді, ал бұл жағдайда уәкілетті тұлға өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне байланысты мемлекеттік органның қызметкерлерін қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға кұкығы бар аудан әкімі болып табылады.

Басқа жағдайда, дербес бөлімнің басшысы оны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы өкімімен таныспаған, бұл туралы бұйрықта тиісті жазбаның болмауы куәландырады және бұйрықпен танысудан бас тарту туралы акті жоқ.

Мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен бас маманға тәртіптік жаза қолданылған, алайда жаза қолдану туралы акт шығарылған кезде заңмен көзделген мерзімдері өтіп кеткен.

Мұндай бұзушылықтар қолданылған жазалардың заңсыздығын және мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталмауын көрсетеді.

Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 19 шілдеде Департаментпен тәртіптік комиссиялар төрағалары үшін онлайн форматта семинар өткізілді, оның барысында өзекті мәселелер талқыланды, мемлекеттік органдардың тэртіптік комиссиялары қызметінің қорытындылары қаралды, екінші жарты жылдыққа арналған басым бағыттар белгіленді.

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс Департамент кызметіндегі басым бағыт болып табылады.

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Ақмола облысы бойынша департаменті

басшысының орынбасары

Дархан Хайруллин

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.