БАСҚАРМА ШҚО ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ 57,1%-ЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ
«ANTIKOR LIVE» жобасы аясында «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысы Ернар Мустафиннің қатысуымен «Кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шаралар нәтижелері» тақырыбында тікелей эфир өтті.
Тікелей эфир барысында Е. Мустафин басқарманың негізгі міндеттері туралы мағлұмат беріп, қойылған сауалдарға жауап берді.
Басқарманың қызметі жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту, жер қойнауын пайдалану, индустриялық-инновациялық қызмет, өнеркәсіп, сауда және Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық ахуалын жақсарту саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру үшін жағдай жасауға бағытталған.
Басқарма Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің жартысынан астамын (57,1%) қамтамасыз етеді:
- өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің көлемі, тау-кен өндіру өнеркәсібі өндірісінің көлемі;
- негізгі капиталға инвестициялар көлемі;
- бөлшек сауда тауар айналымының көлемі;
- жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны.
«Біз сыртқы сын-қатерлерді тегістеу, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру бойынша жұмыс істейміз. Бұл мемлекеттің экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі. Шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау үшін мемлекет түрлі мемлекеттік бағдарламалар түрінде жүйелі шаралар қабылдады, атап айтқанда: «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы; нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы; жергілікті өндірісті дамытуға және күнделікті сұранысқа ие импорттық тауарларды алмастыруға бағытталған «қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы. Осы бағдарламалардан басқа, өңірлік деңгейде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп «Ақ-Ниет» ШОК субъектілерінің жобаларын жеңілдікті қаржыландырудың өңірлік бағдарламасы жұмыс істейді»,- деп атап өтті басқарма басшысы өз сөзінде.
[xfvalue_img]
24 пікір