ИНСПЕКЦИЯДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН 162 ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

ИНСПЕКЦИЯДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН 162 ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

«ANTIKOR LIVE» жобасы аясында «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы М. Бахыт, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ШҚО аумақтық инспекциясының басшысы А. Кәрімовпен «Инспекциядағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және жою» тақырыбында тікелей эфир өтті.

Тікелей эфир барысында А. Кәрімов инспекцияның негізгі міндеттері мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюмақсатында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы мағлұмат берді.

ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ШҚО аумақтық инспекциясының негізгі міндеттері:

  • аймақтағы қолайлы фитосанитариялық ахуалды және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзере асыру;
  • карантиндік обьектілердің, аса қауіпті зиянкестер мен ауыл шаруашылығы дақылдары ауруларын еліміздің территориясына кіргізбеуін және тарап кетпеуін бақылау және қадағалау;
  • азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мақсатында астық және тұқым шаруашылығы мәселелерін бақылау;
  • мал шаруашылығы саласында асылдандыру жұмысының дамуын бақылау.

Мекеме ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңнамасының шеңберінде құқық бұзушылықты болдырмау және оның алдын алу бойынша іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуде. ҚР мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларын, Әдеп кодексінің бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру бойынша облыстық, қалалық, аудандық, аумақтық инспекциялардың мамандарын қамти отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлығы 162 іс-шара, оның ішінде 84 кеңес, 51 әңгімелесу-семинарлар, «Antikor live» жобасы шеңберінде 20 тікелей эфирлер өткізіліп, 7 мақала жарияланды. Сондай-ақ, Инспекцияда жылына 2 рет сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп тұрады. Ағымдағы жылдың 26-28 сәуірінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп, жинақталған ұсыныстарды Мемлекеттік инспекция комитетіне жолдады. Құқық бұзудың алдын алу мақсатында «құпия сатып алушы» тәсілдері де қолданылады. Мемлекеттік қызмет көрсетуде «Адалдық алаңы» жобасымен жүргізілген «құпия сатып алушы» іс-шарасы 4 ауданда жүзеге асты.

Эфир соңында инспекция басшысы облыстық, қалалық, аудандық, аумақтық инспекция мамандарынан әдеп нормаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда +7 (7232) 21-13-45 номеріне хабарласуларыңызға болатынын айтты.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.