Шығыс Қазақстан облысында фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Шығыс Қазақстан облысында фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

2020 жылғы 21 желтоқсанда «Antıkor ortalyǵy»-да ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ШҚО аумақтық инспекциясының басшысы Кәрімов Айбек Мүталапханұлы «Antikor.LIVE» жобасының аясында тікелей эфир өткізді.

Тікелей эфирдің барысында Шығыс Қазақстан облысында фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы баяндады.

Инспекцияның негізгі міндеттері – аймақтағы қолайлы фитосанитариялық ахуалды және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру, карантиндік объектілердің, аса қауіпті зиянкестер мен ауылшаруашылығы дақылдары ауруларын еліміздің территориясына кіргізбеуін және тарап кетпеуін бақылау және қадағалау, азық – түлік қауіпсіздігін сақтау мақсатында астық және тұқым шаруашылығы мәселелерін бақылау, мал шаруашылығы саласында асылдандыру жұмысының дамуын бақылау.

Өсімдіктер карантині саласы бойынша ағымдағы жылдың 11 айында 15 430 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде 9 401 фитосанитарлық сертификат,
6 029 карантиндік сертификат берілді. 94 бұзушылық тіркеліп, 5 753 950 теңгеге айыппұл салынды.

Фитосанитариялық бақылау бекеттері арқылы Ресейден келген 16 320 автокөлік тексерілді. 42 заң бұзушылық анықталып, 2 млн. 250 мың теңге айыппұл салынды, 61 жүк кейін қайтарылды. ҚХР келген 972 автокөлік тексерілді, заң бұзушылық анықталған жоқ.

Өсімдіктерді қорғау саласы бойынша 2020 жылы аса қауіпті зиянкестерге және ауруларға қарсы 850,01 мың гектар жер көлемінде химиялық жұмыстар жүргізілді, оның ішінде шегірткелерге қарсы 21,7 мың. гектар. Арамшөптерге қарсы 577,0 мың гектар, басқа да өңдеу жұмысы 22,85 мың гектар жүргізілді. Өңдеу жұмыстарына 2356,81 литр пестицид қолданылды.

Өсімдіктерді қорғау саласындағы заң бұзушылықтар бойынша (арамшөптермен ластану) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 403-бабының 2-тармағы бойынша 222 мың теңгеге 8 айыппұл салынып, 111 мың теңге өндірілді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларын, Әдеп кодексінің бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру бойынша облыстық, қалалық, аудандық аумақтық инспекциялардың мамандарын қамти отырып, үстіміздегі жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлығы 142 іс-шара өткізілді. Оның ішінде, инспекция шеңберінде 5 семинар-кеңес және әдеп жөніндегі уәкілмен 3 семинар, қалалар мен аудандарда 15 кездесу өткізілді.

Инспекция қызметі бойынша 21-13-45 сенім телефоны, 25-90-51 (8-705-701-89-35) Call-орталығы бойынша хабарласуға болады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.