Тағы да жер мәселесі: Байғанин ауданының бірнеше шенеунігі мүдделер қақтығысына жол берген.

Тағы да жер мәселесі: Байғанин ауданының бірнеше шенеунігі мүдделер қақтығысына жол берген.

Әдеп жөніндегі кеңесте Байғанин ауданы әкімінің орынбасары, Байғанин аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы, Байғанин ауданы әкімі аппаратының бас маманы-заңгеріне, Қарауылкелді, Ащы, Көлтабан, Қызылбұлақ, Миялы, Жаңажол, Жарқамыс ауылдық округтерінің әкімдеріне қатысты тәртіптік іс қаралды.

Кеңесте аудан әкімінің орынбасары баласының атындағы «Абдулла» ШҚ-на ауданға қарасты қосалқы жер қорынан 15 бас малы бола тұра, жайылымдық мақсатқа 2400 га жер берілгендігі айтылды. Конкурс комиссиясының бұл шешімі өтінімі қанағаттандырусыз қалдырылған «Шаттық» ШҚ иесінің аудан әкімдігіне шағымдануына алып келген. Аудан әкімінің орынбасары комиссия төрағасы бола тұра мүдделер қақтығысының орын алуына жол берген.

«Мен комиссия мүшелерінің барлығына жауап бере алмаймын, әрқайсысының өз пікірі бар, кімге дауыс беретіндігін өздері шешеді»-деді аудан әкімінің орынбасары комиссия мүшелеріне.

Сонымен қатар «Райса», «Төре» және «Нұр» ШҚ-ның жеке қаражаттарының инвестицияға жатпайтындығын алға тартып, берген өтінімдері комиссия мүшелерінің ашық дауысына салынбай заңсыз мүлде алынып тасталынған. Шешіммен келіспеген жер комиссиясы мүшелері жазбаша пікірін білдіру құқығын пайдаланбаған. Кәсіпкерлік кодекстің талаптарына сәйкес кәсiпкерлiк қызмет үшiн инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi  инвестициялар болып табылатындығына қарамастан,  шаруа кожалықтарға жеңімпаз атануға мүмкіндік бермеген.

«Қаражаты инвестицияға жатпайды деген аңгіме болған емес, комиссия хатшысы мен төрағаның айтуынша аталған ШҚ-ның құжаттары толық емес болғандықтан қайтарылды, өз басым дауыс беруге салуды ұсындым»- деді Жаңажол ауылдық округінің әкімі.

Кеңес мүшелерімен Байғанин аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының бір жыл ішінде қайталап теріс қылық жасауына байланысты атқаратын мемлекеттік лауазымынан босату түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылса, қалған қызметкерлерге қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдану шешімі қабылданды. 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.