Жұмыссыз қалсаңыз...
Елімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы табысты жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Барлық өңірлерде цифрландыру жұмыстары қолға алынып, жаңа бастамаларға басымдық берілуде. Оған дәлел - egov.kz порталының мүмкіншілігі.
Бүгінде мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды түрде рәсімделуі, қағазбастылықтың азаюы, қызмет алушылар уақытының үнемделуі, мемлекеттік органдар мен Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің физикалық ауыртпалығының азаюы цифрландыру жұмысының жемісі екені баршамызға аян.
Бұған дейін азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен қызмет көрсету мекемелерінде қызметтерді алу мен рәсімдеуді әдеттеніп үйренген болса, қазірде екі мекен-жайға бармай-ақ, қызметтерді онлайн алуларына болады.
Электронды түрде рәсімдеуге болатын қызметтердің бірі – азаматтарды жұмыссыз ретінде тіркеу қызметі. Азаматтар жұмыссыз қалған жағдайда ең алдымен жұмыссыз ретінде тіркелгені жөн.
Сіздердің назарыңызға жұмыссыз ретінде тіркелудің оңай онлайн келесідей жолын ұсынамыз:
Алдымен egov.kz порталына кіріп, іздеу жолы арқылы «Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу» қызметін таңдайсыз.
Қызметті онлайн алу батырмасын баса отырып, өзіңіз жайлы мәліметтерді толықтай толтырып, мекен-жайыңыз бойынша жұмыспен қамту орталығын белгілейсіз.
Келесі екінші қадамда жұмыссыз қалғаныңыз, біліміңіз және жұмыс өтіліңіз туралы деректерді толтырасыз.
Осы сатыда өзіңіздің мамандығыңызды, бітірген оқу орныңызды, бұрынғы жұмыс орныңыз бен лауазымыңызды, жұмыс өтіліңізді, сонымен қатар жұмысқа орналасу үшін басымдылықты алу үшін жеке тұлғалық қасиеттеріңізді толықтай көрсетуіңіз керек.
Порталда сұратылып отырған барлық деректерді толтырып болған соң келесі соңғы қадамға көшесіз.
Соңғы қадамда өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қоясыз. Осылай өтінімді өзіңіздің тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша жұмыспен қамту орталығына үйден шықпай-ақ, онлайн жолдайсыз.
Тапсырылған өтінімнің орындалу мәртебесін өзіңіздің жеке кабинетіңіздегі «қызметтер тарихынан» бақылап отыруыңызға болады.
Пандемия жағдайында өзіңіз бен өзгенің денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарап, адамдардың көп шоғырланатын жерлеріне бармай, оған қоса өз уақытыңызды үнемдеп қызметтерді электронды түрде алуға шақырамыз.
Нұркамал ШАМИШЕВА,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы
[xfvalue_img]
6 пікір