СҚО-да лауазымды тұлға мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жүйелі түрде пара алғаны үшін күдікті
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Петропавл қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі - Орталық) лауазымды тұлғасының қылмыстық әрекетінің жолы кесілді. Ол орталық теңгеріміндегі коммуналдық тұрғын үй қорынан мұқтаж адамдарға, атап айтқанда 29 жасқа дейінгі еңбек жастарына жалға берілетін тұрғын үй бергені үшін жүйелі түрде пара алғаны үшін күдікті.
Бұл мақсатқа жұмыс істейтін жас отбасыларды жеке пәтер сатып алғанға дейін, 5 жылға дейін уақытша тегін баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы қарастырылған.
Лауазымды тұлға өзіне жүктелген мемлекеттік бағдарламаны орындау және іске асыру мнідетін пайдалана отырып, тұрғын үйге мұқтаж ықтимал тұлғалар санатын іздестіруді және олардан пәтер бергені үшін ақша қаражатын алуды өзінің сенімді тұлғалары арқылы жүзеге асырған. Пара сомасы бөлінетін тұрғын үйдің шаршысына байланысты 550 мыңнан 800 мың теңгеге дейін өзгеріп отырған.
Лауазымды тұлға мен оның сыбайластарына қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мән-жайы тергеу мүддесінде жария етілмейді.
Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.
СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі
[xfvalue_img]