ШҚО-ДА ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҰҒЫМЫ ҒЫЛЫМИ ТҰРҒЫДА ТҮСІНДІРІЛДІ
«Парасат жолы» жобасы аясында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Антикор орталығында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының ШҚО филиалының профессоры Галина Грызуновамен кездесу өтті.
Кездесу спикердің «парасаттылық» ұғымына ғылыми тұрғыдан берген сиппатамасынан басталды. «Ең алдымен кез-келген адам айналасындағы қоғамның адал, мейірімді, әділ қасиеттеріне ие болғандығын қалайды. Ал бұл қасиеттер өз кезегінде тәрбиенің көрсеткіші», -деді Галина Грызунова.
Сондай-ақ, жемқорлық түсінігі бойынша жүргізілген сауалнаманың қорытындысы туралы айтылып, оған сәйкес «өзіңнен баста» деген ұранды ұстанатын азаматтар санының көптігі қуантатынын атап кетті.
«Парасат жолы» жобасының жұмысы адалдық пен парасаттылықты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Жоба аясында келелі әңгімелер өрбітіп оқырмандар мен көрермендірдің қызығушылығын тудыру арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыру көзделеді.
Кездесу барысы әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетілді.
[xfvalue_img]