Қазақстанда министрлік деңгейде «Орталық Азия – Корея Республикасы» форумы алғашқы рет өтті

Қазақстанда министрлік деңгейде «Орталық Азия – Корея Республикасы» форумы алғашқы рет өтті

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Корея Республикасының - Кан Ген Хва, Қырғызстанның - Чингиз Айдарбеков, Тәжікстаннің - Сироджиддин Мухриддин мен Өзбекстанның - Абдулазиз Камиловтың қатысуымен «Орталық Азия-Корея Республикасы» форумының (ОАКР) 12-ші отырысы өтті. Түрікмен тарапынан осы елдің Қазақстандағы Елшісі Тойлы Комеков қатысты.

Форум отырысын ашқан Министр М. Тілеуберді атап өткендей, «Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аймақ елдерімен бауырлас тату көршілік қарым-қатынастарды нығайтуға ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ ОАКР шеңберіндегі диалог аталған үдеріске толығымен ықпал етеді».

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы форум алаңы Орталық Азияның Корея Республикасымен қарым-қатынасын және аймақтық өзара іс-қимылды нығайтудың тиімді тетігіне айналатынын атап өтті.

Форум аясында мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және қатысушы елдердің сарапшылар қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен төрт панельдік сессиясы өтіп, оның барысында су ресурстарын басқару, техникалық стандарттау, «жасыл» энергетика және ақпараттық технологиялар салаларындағы Орталық Азия елдері мен Корея Республикасының ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланды.

Панельдік сессияға қатысушылар Корея Республикасының озық тәжірибесін қолдана отырып, осы салалардағы бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.

Сондай-ақ екі елдің іскер топтары өкілдерінің қатысуымен су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Корея бизнес-консультациялары өтті.

Іс-шара нәтижесінде Сыртқы істер министрлері Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ықпал ету ниетін растады.

Форум Хатшылығының 2020 жылға арналған жұмыс жоспары мақұлданып, оған көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және туризм салаларындағы ынтымақтастық жобалары кірді.

«Орталық Азия – Корея Республикасы» форумы 2007 жылы Корея Республикасының бастамасымен құрылған. Оның қызметінің негізгі бағыттары энергетика және минералдық ресурстар, құрылыс, көлік және ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар, мәдениет және білім салаларындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 183 пікір

  1. аватар
    Florence 6 ноября 2026 22:46

    Pretty section of content. I just stumbled upon your site and in accession capital to assert
    that I get in fact loved account your weblog posts.
    Any way I will be subscribing to your feeds and even I achievement you get admission to persistently fast.



    My web blog: Nouveau casino en ligne

  2. аватар
    Eliza 7 ноября 2026 15:03

    Hello would you mind stating which blog platform you're using?
    I'm looking to start my own blog soon but I'm having a difficult time selecting between BlogEngine/Wordpress/B2evolution and Drupal.
    The reason I ask is because your design and style seems different then most
    blogs and I'm looking for something unique. P.S Sorry for getting off-topic but I
    had to ask!

    My webpage :: read
    more

  3. аватар
    Jayne 8 ноября 2026 15:57

    https://meslibertine.fr/

    Howdy! I know this is kinda off topic however I'd figured I'd ask.

    Would you be interested in exchanging links or maybe guest authoring
    a blog article or vice-versa? My blog addresses a lot
    of the same subjects as yours and I feel we could
    greatly benefit from each other. If you happen to be interested feel free to shoot me
    an e-mail. I look forward to hearing from you! Fantastic
    blog by the way!

    my site - mes libertines près de chez moi

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.