ЕҰУ алғаш рет Erasmus+ CBHE жобасының грант иеленушісі әрі үйлестірушісі атанды

ЕҰУ алғаш рет Erasmus+ CBHE жобасының грант иеленушісі әрі үйлестірушісі атанды

         Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті алғаш рет Еуропалық Одақтың Erasmus+ бағдарламасының «Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру» (CBHE) бағыты бойынша іске асырылатын University Endowment Fund Development in Kazakhstan (UNIFUND)  жобасының грант иеленушісі әрі үйлестірушісі атанды.

         UNIFUND – Қазақстандық университет грант иеленуші ретінде қатысып отырған Erasmus+ бағдарламасындағы алғашқы құрылымдық жоба. Erasmus+ құрылымдық жобалары ұлттық және өңірлік деңгейлерде жоғары білім беру жүйелерін реформалауға және жаңғыртуға бағытталған.

         Үйлестіруші мәртебесіне ие болуы Еуропалық серіктестер тарапынан ЕҰУ-ға деген жоғары сенім деңгейін көрсетіп, университеттің ауқымды халықаралық білім беру бастамаларын іске асырудағы тәжірибесін растайды.

         Жобаның негізгі мақсаты – университеттердің мақсатты қорларын (эндаументтерін) дамыту арқылы Қазақстандағы жоғары білім берудің қаржылық тұрақтылығы мен академиялық дербестігін нығайтуға ықпал ету. Жоба аясында университеттік эндаументтер жөніндегі Ұлттық қауымдастық пен цифрлық платформаны құру, нормативтік-құқықтық және әдістемелік базаны жетілдіру, сондай-ақ қазақстандық жоғары оқу орындарында эндаумент мәдениетін дамыту жоспарлануда.

         Сонымен қатар жоба университеттердің қаржыландыру көздерін кеңейтуге және әртараптандыруға мүмкіндік беретін мақсатты қорларды басқарудың жалпыұлттық жүйесін әзірлеуді көздейді. Бастаманың маңызды бағыттарының бірі – қазақстандық университеттер мен еуропалық серіктестер арасында тәжірибе және үздік практикалар алмасуды дамыту.

         UNIFUND жобасының ерекшелігі – даму институттарын, мемлекеттік органдарды, бизнес өкілдерін, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропаның жетекші жоғары оқу орындарын біріктіретін консорциум құрамының кең ауқымдылығында.

 Жобаны үйлестіру ЕҰУ-дың университеттік эндаументті дамыту саласындағы практикалық тәжірибесіне негізделеді. ENU Endowment Fund  2021 жылғы 31 желтоқсанда құрылып, университеттің қаржылық тұрақтылығын нығайту және жоғары білім беру саласындағы меценаттық мәдениетті дамыту құралдарының біріне айналды.

         Бүгінде қор төрт негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді:

  1. Білім алушыларды қолдау – білім беру гранттары мен атаулы шәкіртақылар тағайындау.
  2. Ғылым мен инновацияларды дамыту – ғылыми зерттеулерді, стартаптарды және әзірлемелерді коммерцияландыру жобаларын бірлесіп қаржыландыру.
  3. Әлеуметтік және мәдени бастамалар – білім беру және қоғамдық маңызы бар жобаларды қолдау.
  4. Дарынды жастарды қолдау – студенттердің халықаралық конкурстарға, олимпиадаларға және спорттық жарыстарға қатысуына жәрдемдесу.

 ЕҰУ Erasmus+ бағдарламасының «Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру» бағытына 2016 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт аралығында университет 13 халықаралық жобаны іске асыруға қатысып, олардың нәтижелері университеттің білім беру және ұйымдастырушылық қызметіне енгізілді.

         Атап айтқанда, ЕҰУ-да:

 - инновациялық білім беру модульдері мен пәндері енгізілді;

-шетелдік студенттер мен түлектерді қолдауға арналған мамандандырылған орталықтар құрылды;

- «Welcome to ENU» кіріс академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылуда;

- Кәсіпкерлік дағдыларды дамыту орталығының базасында ENU Business School жұмыс істейді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

63 пікір

  1. аватар
    Marilou 31 октября 2026 02:47

    Most casinos limit how much you can bet per spin while playing with bonus
    funds. These games pool contributions from players across multiple casinos, creating prize pools that
    can reach life-changing sums. We also checked withdrawal times because that is where bank transfers
    really shine or fall flat. For Aussie players looking to fund their online pokies bank transfer australia 2026 remains a surprisingly solid option. Is
    ‘online pokies bank transfer australia 2026 instant pay’ the best method
    for every player?

    References: https://forum.rajatudibaba.com/public/d/298-the-simple-guide-to-aussie-online-c
    asinos-wire-transfer

  2. аватар
    Tory 1 ноября 2026 05:48

    Wer in einem deutsches casino sofort Pay and
    Play verwenden möchte, wird dies mit Sicherheit aufgrund der vielen Vorteile machen. Zuverlässige Zahlungsmethoden wie PayPal und
    ein zugänglicher Kundensupport runden das Angebot ab.

    Bestandskunden können in den Casinos ohne Registrierung keine Boni erhalten. Das bedeutet natürlich auch, dass regelmäßig neue Pay n Play Casinos ihren Weg auf den Markt finden. Den größten Anteil in den Pay n Play Casinos stellen in der Regel die Spielautomaten und Slots.

    Im Folgenden zeigen wir euch etwas genauer, was für Spiele euch bei diesen Anbietern erwarten können.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.