"Касперский зертханасы": зумерлердің төрттен бірінен астамы ЖИ-мен дос ретінде тілдеседі

Көптеген зумерлер үшін жасанды интеллект күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналды. Әлем бойынша 18-28 жас аралығындағы респонденттердің жартысына жуығы (47%) ЖИ-ді күн сайын немесе күн сайын дерлік пайдаланады. Олардың ішінде 56%-ы оны ақпарат іздеу үшін, 49%-ы оқуға, 47%-ы жаңа идеялардықалыптастыру және 39%-ы жұмыс бабымен қолданады. Жасанды интеллектпен күнделікті жұмыс істейтін басқа буын респонденттерінің үлесі төменірек. "Касперский зертханасының" жаңа зерттеуінің мәліметтері осындай.

Жылы қарым-қатынас. Зумерлердің төрттен бір бөлігінен астамы ЖИ-мен дос ретінде тілдеседі (27%) және олармен басқа адамдармен бөліспеуді қалайтын жеке мәселелерді талқылайды (28%). Бұл кейбір жастардың нейрожелілерге тек нақты міндеттерді шешу үшін ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас, эмоционалдық қолдау немесе достық орта үшін жүгінетінін білдіреді. Салыстыру үшін, миллениалдар арасында ЖИ-ді дос ретінде 22%, Х буыны арасында 17%, ал бумерлер арасында тек 11% қабылдайды.

Жасанды интеллектке соқыр сенім арту — қауіпті. Сауалнамаға қатысқан зумерлердің жартысынан азы (42%) ғана жасанды интеллект сервистерімен жұмыс істеу кезінде үнемі қауіпсіздік шараларын қолданады: ақпаратты басқа сенімді дереккөздермен салыстырып тексереді және құпия деректерін жария етуден аулақ болады. Респонденттердің 52%-ы мұндай сақтық шараларын тек анда-санда қолданады, ал 6%-ы жалпы мұндай қауіпсіздік шараларына мән бермейді. Миллениалдардың арасында жасанды интеллектті пайдалану кезінде ешқандай қауіпсіздік шараларын қолданбайтындар — шамамен әр оныншы адам (9%). Ал X буыны мен бэби-бумерлер арасында бұл көрсеткіш 15%-дан.

«Зумерлер жасанды интеллект саласындағы жаңа үрдістерді басқа буындарға қарағанда жақсырақ түсінеді және оны оқуына, қарым-қатынасына және күнделікті өміріне енгізудің түрлі жолдарын табады. Жастардың жасанды интеллектті досы ретінде қабылдауы пайдаланушылар мен технологиялар арасындағы қарым-қатынастың қаншалықты жылдам өзгеріп жатқанын көрсетеді. Алайда жасына қарамастан, барлық пайдаланушылар жасанды интеллектке толықтай сенуге болмайтынын түсінуі керек. Тіпті ірі сервистердің өзінде деректердің таралып кетуіне әкелуі мүмкін осалдықтар болуы ықтимал. Сондықтан ақпаратты тексеру, жеке мәліметтермен жұмыс істеуде сақ болу және алынған жауаптарды сыни тұрғыдан бағалау сияқты әдеттерді қалыптастыру қажет», — деп түсіндірді «Касперский зертханасының» машиналық оқыту технологияларын зерттеу тобының жетекшісі Владислав Тушканов.

Жасанды интеллектті пайдалану кезінде киберқауіптерді барынша азайту үшін «Касперский зертханасының» сарапшылары мынадай кеңестер береді:

  • ЖИ сервистеріне құпия ақпаратты жүктемеу — құжаттар, хат-хабарлар, құпиясөздер, төлем деректері және денсаулыққа қатысты мәліметтерді жарияламаған жөн;
  • Жаңа нейрожеліні қолданбас бұрын, оның қандай деректерді жинайтынын және бұл ақпараттың қалай өңделуі немесе сақталуы мүмкін екенін анықтап алған дұрыс;
  • Нейрожелі берген жауаптарды басқа сенімді дереккөздер арқылы қайта тексеру. Бұл әсіресе білім беру, қаржы, құқық, медицина және басқа да маңызды салаларға қатысты сұрақтарда аса қажет. Себебі мұндай салалардағы қате ақпараттың салдары елеулі болуы мүмкін. 

Фишингтен, зиянды бағдарламалардан және заңды ЖИ платформаларына ұқсатып жасалған немесе жалған ЖИ құралдарын ұсынатын алаяқтық сайттардан құрылғыларды кешенді қауіпсіздік шешімі, мысалы, Kaspersky Premium, қорғауға көмектеседі.

Сонымен қатар «Касперский зертханасы» көпшілікке арналған «Кибергигиена» атты тегін курсты ұсынады. Курс цифрлық қауіпсіздіктің негізгі мәселелерін қамтиды және кез келген деңгейдегі пайдаланушыларға арналған. Оны оқу үшін ақпараттық технологиялар саласында арнайы білімнің болуы талап етілмейді. Курс пайдаланушыларға аккаунттарды, құрылғыларды және жеке ақпаратты қорғаудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Бұл дағдылар ЖИ құралдары білім беру, жұмыс және күнделікті қарым-қатынас салаларына кеңінен еніп жатқан қазіргі кезеңде барған сайын өзекті бола түсуде.

* «Цифрлық өмір: трендтер, тәуекелдер, мүмкіндіктер» сауалнамасын «Касперский зертханасының» ішкі зерттеу орталығы 2026 жылғы наурыз айында жүргізді. Зерттеуге 18 елден, оның ішінде Ресейден, 7200 респондент қатысты. Олардың қатарында зумерлер (18–28 жас), миллениалдар (29–44 жас), X буыны (45–60 жас) және бэби-бумерлер (61 жастан жоғары) бар.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

80 пікір

  1. аватар
    Magda 31 октября 2026 02:18

    Fast withdrawals Australia casino searches often focus on advertised payout times, but the player’s own setup matters just as much.
    Ensures all reviews clearly reflect Australian legal limitations and
    responsible gambling requirements. Cards are a practical option for deposits, but
    they are not always the best fit for players focused on fast
    withdrawals Australia casino searches. Compared with cards, these
    options may reduce card decline issues, but they can still be affected by bank-side
    security checks or daily transfer limits. They are easy to use, familiar, and
    often processed quickly for deposits.

    References: https://forum.libernesia.org/d/72-online-casino-banking-guide-2026-australian-d
    eposit-options

  2. аватар
    Dawna 31 октября 2026 05:07

    Wenn wir heute von Banküberweisungen im digitalen Zeitalter sprechen, dann
    müssen wir das Ganze noch mit Angeboten wie der Sofortüberweisung oder Giropay
    vergleichen. Ihr könnt zudem in einem Online Casino paysafecard verwenden,
    wenn ihr nach einer guten Alternative sucht oder euch in Instant Banking Online Casinos umsehen. Im Folgenden haben wir die harten Fakten sprechen lassen und zeigen auf, dass SOFORT ein vertrauenswürdiger Zahlungsdienstleister
    ist. Zwar fallen für eine Online Casino Sofortüberweisung keine Gebühren an, bietet die Sofort GmbH unterschiedliche Tarife für einzelne Produkte an.

    References: https://discuss.xsanisty.com/d/17-neue-casinos-mit-sofortuberweisung-sicher-aus
    wahlen

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.