Қазақстанның төрт қаласында Coca-Cola жүйесінің экоакция қатысушылары 5,8 тоннадан астам қалдық жинады

Қазақстанның төрт қаласында Coca-Cola жүйесінің экоакция қатысушылары 5,8 тоннадан астам қалдық жинады

Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) аясында Coca-Cola жүйесі Қазақстанның төрт қаласында экологиялық сенбіліктер өткізді. Бастамаға компанияның қызметкерлері, ReStart экологиялық жобасына серіктес университеттердің студенттері, «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясының» өкілдері, сондай-ақ серіктестер қосылды. Іс-шараға Алматы, Астана, Ақтөбе және Шымкент әкімдіктері қолдау көрсетті.

Төрт қалада өткен экологиялық акцияға 400-ден астам адам қатысты. Қатысушылар 5,8 тоннадан астам қалдық жинады, 365 кг пластик сұрыпталып, қайта өңдеуге жіберілді.

Дүниежүзілік тазалық күні жыл сайын бүкіл әлем тұрғындарын қоғамдық кеңістікті тазартуға жұмылдырып, жұртшылық назарын қалдық мәселесінің өзектілігіне аударады. Coca-Cola жүйесі үшін бұл халықаралық экологиялық бастама компания қызметкерлері мен жастардың басын қосып, нақты шараларға тікелей қатысу арқылы өз бойыңда экологиялық әдеттер қалыптастыруға болатынын көрсетудің тамаша мүмкіндігі болды.

«CCI Kazakhstan (Coca-Cola İçecek Kazakhstan) үшін қоршаған ортаға қамқор болу тұрақты даму стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады. Біз елеулі өзгерістер бірлескен әрекеттерден басталатынына сенеміз, сондықтан экологиялық хабардарлықты арттыратын және адамдарды нақты әрекеттерге итермелейтін бастамаларды біз қолдаймыз. Дүниежүзілік тазалық күні мен ReStart жобасы – серіктестік пен қоғам белсенділігінің оң өзгерістер әкелуге көмектесе алатынының жарқын көрінісі», - деп атап өтті CCI Kazakhstan өкілдері.

Төрт қаладағы экологиялық акциялар сериясы көрсеткендей ауқымды өзгерістер жергілікті нақты әрекеттерден басталады. Қала аумағын тазарту үшін бизнестің, жастардың, қоғамдық ұйымдар мен қала билігінің күш біріктіруі ортақ мақсаты көздейді – қоғамдық кеңістіктерді таза ұстап, қалдықтарды жауапкершілікпен өңдеу мәдениетін дамыту.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

60 пікір

  1. аватар
    Allan 1 ноября 2026 02:52

    There are other ways to make payments to online casinos that are just
    as secure, but faster and cheaper. If you can’t or
    don’t wish to use other payment options like cards or e-wallets online then casino
    bank transfers provide highly secure option for your online gaming.
    If you would like to play immediately, then there are faster ways to deposit.
    EcoPayzecoPayzState-of-the-art deposit method
    that’s very popular in Canada and you can fund your account in 45 different currencies.
    Input the amount you would like to transfer and the banking details that the website requests.


    References: community.posterit.in

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.