TikTok жыл сайынғы “Қазақстан Мұғалімдері” байқауының басталғанын жариялайды

TikTok жыл сайынғы “Қазақстан Мұғалімдері” байқауының басталғанын жариялайды

Қысқа бейнероликтер жасау мен көрудің жетекші платформасы TikTok "Қазақстан Мұғалімдері" байқауын жариялайды. Елімізде төртінші рет өткізіліп отырған бастама аясында платформа еліміздің барлық педагогтарын өз пәндері бойынша қысқа танымдық бейнероликтер форматында білімдерімен бөлісуге шақырады.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі бастаманың дәстүрлі серіктестері болып табылады. Жобаны мемлекеттік мекемелердің қолдауы платформаның кең аудитория арасында білімді танымал ету ісіндегі маңызды рөлін айқындап, TikTok-тағы педагогтар қауымдастығының дамуына ықпал етеді.

Төрт жыл бойы конкурс өткізу барысында Қазақстанда мектеп мұғалімдері, колледж оқытушылары және жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамын біріктірген білім беру контенті авторларының мықты қауымдастығы қалыптасты, ал жалпы бейнероликтер саны 90 мыңнан асты. Бұрынғы жеңімпаздар - Ботагөз Омарова, Хайдар Мурзахметов, Байболат Сейдахан, Евгений Солоницын - өз үлгісімен қысқа бейнеролик форматындағы танымдық контенттің қызықты әрі миллиондаған қаралым жинай алатынын дәлелдеді.

«Бұл байқау ұстаздың ықпалы сынып шегінен әлдеқайда асып түсетінін дәлелдеді. TikTok-та жас та, арақашықтық та маңызды емес – өзін көрсете алатын мүмкіндік бәріне бар. Мен шалғай ауылда тұрамын, бірақ бұл платформа маған өз дауысымды жеткізуге мүмкіндік берді. Өз тәжірибең мен біліміңді онлайн бөліскенде, сен тек оқытпайсың – ата-аналарға, оқушылар мен әріптестерге өз пәні мен мамандығына жаңа көзқараспен қарауға жол ашасың. Мен әрбір педагогтың TikTok-та өзгелерге шабыт сыйлай алатын өз тарихы бар екеніне сенемін», – дейді Алакөл облысының Достық ауылындағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботагөз Омарова. Ботагөз 2023 жылы "Қазақстан Мұғалімдері" байқауында жеңімпаз атанып, биыл TikTok-тың Discover List тізіміне енген алғашқы қазақстандық контент авторы болды. Бұл жаһандық тізім – платформаны дамытып, адамдарға шабыт беріп жүрген үздік авторларды біріктіреді.

Байқауға қатысу үшін педагогтер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары 19 қарашаға дейін жоба парақшасында өтінім беріп, #УчителяКазахстана хэштегімен кем дегенде бір бейнеролик жариялауы қажет. Роликтар танымдық сипатта болып, автордың оқытатын пәніне сай келуі тиіс. Автордың бейнеролигі 1 000-нан астам қаралым жинаған жағдайда, ол өз профилі үшін эксклюзивті жиекке ие болады. Ал бейнесі 5 000-нан астам қаралым жинаған қатысушылар үш iPhone 17 ұялы телефонының бірін ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Жеңімпаздар аудиторияның белсенділігі мен тартылу деңгейі негізінде анықталады. Толық ережелер TikTok қосымшасындағы байқау бетінде қолжетімді.

«Біздің жобамыз көптеген міндеттерді шешеді: педагог мамандығын насихаттайды, оқытушыларды цифрлық контент жасауды меңгеруге ынталандырады, оларға өздерін танытып, аудиториясын сынып шеңберінен тыс кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, миллиондаған қолданушыларға беделді білім иелерінен үйренуге жол ашады. Биыл да бұл жоба Қазақстан білім беру саласының жаңа тұлғаларын ашып, олардың шығармашылық әлеуетін көрсететініне сенімдіміз», — деді TikTok компаниясының Түркия, Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша операциялық бөлім басшысы Мелис Чаглар.

TikTok туралы

TikTok – қысқа видеороликтерге арналған жетекші платформа. Біздің миссиямыз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандыру және оларға қуаныш сыйлау.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

31 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.