Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық қоғамдық штабқа барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық қоғамдық штабқа барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Республикалық қоғамдық штабқа (РҚШ) барып, үгіт-насихат және талдау орталықтарының, кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесінің, медиа-штабтың, сенімді өкілдердің жұмысын үйлестіру орталығының,  байқаушылар штабының, жастар алаңының жұмысымен танысты.

Республикалық қоғамдық штабтың құрамына 474 адам енген. Олардың арасында Халықтық коалицияға біріккен ұйымдардың белгілі азаматтары, ғылыми-сарапшылық қауымдастық өкілдері, Парламент депутаттары, жастар және басқа да тұлғалар бар. Еліміздің әр өңірінде, оның ішінде қалалар мен аудандарда 226 штаб құрылып, 6 мыңнан астам адам қызмет етеді.

РҚШ мүшелері еліміздегі 200-ден астам елді мекенді аралап шығуды жоспарлап отыр. Республикалық және өңірлік штабтар 52 мыңнан аса іс-шара өткізбек.

Жалпы, үгіт-насихат жұмыстарына Халықтық коалицияның 7,5 мың белсендісі тартылды. Сондай-ақ 30 мың сенімді өкіл тіркеліп, сайлау күні барлық учаскелерде жұмыс істеу үшін 20 мыңға жуық бақылаушы дайындалды.

Республикалық және өңірлік қоғамдық штабтардың жұмысы туралы ақпаратты тыңдаған Қасым-Жомарт Тоқаев барлығына сенім артқаны үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Сайланған жағдайда Президент лауазымындағы жұмысында әділетті мемлекет, әділетті экономика, әділетті қоғам сынды үш негізгі қағидатты ұстануға ниетті:

Сөз соңында ол тарихи таңдау жасауға шақырды.

– Бәріміз халық алдында жауаптымыз. Бұл – біздің бірегей мүмкіндігіміз. Түбегейлі өзгерістер мен батыл шешімдер қабылдайтын уақыт жетті. Енді басқа мүмкіндік болмайды. Біз елімізді дамытудың және ілгерілетудің даңғыл жолына шығарып, Әділетті Қазақстанды құруға міндеттіміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

34 пікір

  1. аватар
    Elisabeth Бүгін, 14:44

    Since PayID links your bank account directly to the casino, the whole process gets a lot smoother.

    That is especially if you want instant deposits without the usual hassle.

    If you want more details about banking with PayID, check
    out this guide.

    References:
    payidpokies1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.