Алик Шпекбаев елорданы цифрландыру жұмысын жоғары бағалады

Нұр-Сұлтан қаласын "Ақылды қала" тұжырымына сай цифрландыру және трансформациялау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 6 негізгі бағыт бойынша басым жобалар іске асырылуда: білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, ТКШ, көлік және мемлекеттік қызметтер салаларын цифрландыру. Бүгін елорда әкімі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа жұмыс барысын және оның қолданысын таныстырды. Іс-шараға бейнеконференция байланысы арқылы бірқатар министрліктер, облыстық әкімдіктер және т.б. қатысты.

Алтай Көлгінов атап өткендей, цифрлық технологияларды енгізу қызметтердің сапасын арттыруға және қала тұрғындарының өмірін жеңілдетуге ғана емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бірнеше есе азайтуға, адами факторды болдырмауға мүмкіндік береді.

 «Ел басшылығы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мен автоматтандыруға ерекше көңіл бөледі, осы бағытта үлкен жұмыс атқарудамыз. Қазірдің өзінде көп нәрсе жасалды. Мысалы, өткен жылы біз көрсететін барлық 159 мемлекеттік қызметті электронды форматқа көшірдік. Бізге iQala орталығының да көмегі зор. Онда тұрғын үй-коммуналдық секторы саласында "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру қызметтерін алуға болады. Бұрын қызмет көрсету регламенті болмаған. Мысалы, пәтер сатып алғаннан кейін азамат барлық монополистерді аралап, әрқайсысымен жеке-жеке келісімшарт жасасып, ара-тұра қоңырау шалып, құжаттардың дайын екенін білуге мәжбүр болатын. Бұл іс 1 айға дейін созылатын. Қазір өтініш беруші iqala.kz сайты арқылы өтініш береді, 3-5 күн ішінде оған құжаттардың дайын екендігі туралы SMS хабарлама келеді. Осы жылдың басынан бері орталық 14,5 мыңға жуық қызмет көрсетті.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Астана – Адалдық алаңы" бірлескен жобасы аясында мектептегі тамақтану мәселесі қозғалды. Мемлекеттік сатып алуларды автоматтандыру жүргізіліп, барлық төрт аудан әкімдігі фронт-офис форматына көшті. Ашық әкімдік режимінде жұмыс істеуде. Сондай-ақ денсаулық паспорттарын 100% цифрландыру жүргізілді. Медициналық анықтама берудің заңдылығын тексеру үшін ақпараттық қызмет әзірленді. Берілген анықтамаға QR-код жазылады, кодты сканерлеп, оның түпнұсқалығын тексеруге болады. Сондай-ақ, барлық қоғамдық көліктер электронды төлем жүйелерімен жабдықталған. Бұл ақша қаражатының 40%-ын көлеңкелі айналымнан шығаруға мүмкіндік берді. "Қауіпсіз аула" және т.б. жобалармен жұмыс істеуді жалғастырамыз", - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Бұдан басқа, қалада инженерлік желілер мен ғимараттарды, жер учаскелерін цифрландыру, бас жоспардың кеңістіктік үш өлшемді макетін, қаланың 3D моделін, инвестициялық карталарды және т.б. жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мысалы, инженерлік желілерді цифрландыру бірнеше мәселені бірден шешуге мүмкіндік береді. 3D және BIM технологияларын қолдана отырып, желідегі жүктемелерді көруге, яғни қай жерін ауыстыру керек, қуатты қай тұста арттыру керек секілді мәселелердің алдын алуға болады. Сондай-ақ, цифрлық жобаларды іске асыру қала құрылысы процестерін, ауруханаларды, мектептерді, балабақшаларды белгілі бір аудандарды қамтамасыз ету қажеттілігі туралы деректерді болжауға және модельдеуге, қолданыстағы және жобаланатын жол желілерінің жай-күйін көруге мүмкіндік береді.

Цифрландыру сол сияқты бос жер учаскелерін ұтымды пайдалануға, пайдаланылмайтын учаскелерді қайтару бойынша база құруға мүмкіндік береді.

Алик Шпекбаев Нұр-Сұлтан әкімдігінің қоғам өмірінің маңызды бағыттарын цифрландыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру, ынтымақтастық және "Астана - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесімен бірлескен жұмыстарды жоғары бағалады.

"Елорданың тәжірибесін өзге өңірлер де қолдануы тиіс. Қазір еліміз бойынша жер қатынастары және құрылыс салаларында үлкен проблемалар кездесіп жатады. Бүгін, Нұр-Сұлтанда геопортал арқылы орын алған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, адами факторды болдырмауға мүмкіндік беретін ерекше шешімдер мен тәсілдерге куә болдым. Барлық әкімдіктер осы тәжірибені негізге алуы керек. Елордада қабылданған, қазірдің өзінде тиімділігін көрсетіп отырған стандарттарды басқа мемлекеттік органдар қабылдауы қажет", - деп түйіндеді Антикор басшысы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.