ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанынан құралған ақпараттық-ағартушылық штабы 2020 жылы атқарған жұмысын қорытындылады

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанынан құралған ақпараттық-ағартушылық штабы 2020 жылы атқарған жұмысын қорытындылады

Ақпараттық – ағарту штабы - Агенттік жанынан құрылған консультативтік-кеңесші орган. Штабтың мақсаты - халықпен сындарлы диалог құру, қоғамда парасаттылық қағидаттарын насихаттау және ілгерілету.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың ортақ міндетін нақты белгілеп берді.

«Заманауи мемлекеттік аппарат азаматтармен өзара іс - қимылдың жаңа жолдарын ашуы, процестердің алгоритмдерін қысқартуы және жұмыс сапасын арттыруы тиіс» -ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

2019 жылы 45 мүшесі бар штаб құрылған болатын. Штаб құрамына барлық қалалар мен аудандардағы ақсақалдар, қоғам белсенділері, блогерлер мен журналисттер, имамдар, наиб имамдар мен шіркеу қызметкерлері, заң қызметкерлері, депутаттар мен жастар белсенділері енді.

2020 жылы насихаттау жұмысын кең көлемде жүргізу үшін Instagram желісінде anticor_shtab_vko парақшасы ашылып, 12800 оқырман жазылған. Жыл көлемінде парақшада 668 мақала жарияланып, ақпараттық жұмыстар жүргізілді. Facebook желісіндегі парақшамызда оқырмандар саны 5000 адамды құрайды және 567 мақала жарияланған. Ал Telegram желісінде 175 оқырман тіркеліп, 186 мақала шықты.

2020 жылы ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелерімен келесі іс-шаралар атқарылды: аудандар мен қалаларда 52 елді-мекендерге шығу арқылы кездесу, 148 онлайн форматындағы кездесулер өткізілді. Барлығы 15 000 адам қамтылды. Сонымен қатар, 10 дөңгелек үстел, 12 челендж, 9 акция, 48 парасаттылық сағаты, 32 қайырымдылық шарасы, 105 бейнеролик түсіріліп, 21 сұхбат, 214 тікелей эфирлер өткізіліп, барлығы 32 700 адам қамтылды.

Халықтың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында әлеуметтік құқықтық сауаттылықтарын арттыратын 8 мыңнан аса әлеуметтік үлестіру қағаздары мен флаерлар таратылды.

Ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелері карантин кезінде көпбалалы, аз қамтылған және өмірлік қиын жағдайға тап болған жандармен кездесулер өткізіп, 12 отбасына азық-түліктей көмек көрсетті.

Қалалар мен аудандардағы дәріханаларда бағаны шектен тыс көтеру фактілері мен олардың бар болуына мониторингілеу жұмыстары жүргізілді. Zoom платформасында 6 мәрте штаб мүшелерінің отырысы өтті.

Сонымен қатар, өңір жастарының қатысуымен «Жастар-адал болашақ үшін» жазғы онлайн лагері ұйымдастырылды.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай 2-9 желтоқсан аралығында Шығыс Қазақстан облысы бойынша жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл апталығы ұйымдастырылып, апталық барысында облыс көлемінде 150  іс-шара ұйымдастырылып, оған 8250 жас қамтылды.

 Жергілікті «ALTAI», «SEMEY» телеарналарында штаб мүшелері тікелей эфирде сұхбат берді. Ал областық «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде және «Ozekti» (Шығыс Ақпарат) ақпараттық порталында штаб жұмысы туралы мақалалар жарияланды.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.