ЕЛОРДАДА КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ ФАКТІСІ БОЙЫНША ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ

ЕЛОРДАДА КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ ФАКТІСІ БОЙЫНША ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ

#ANTIKOR.LIVE жобасы аясында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов пен "Астана-адалдық алаңы" жобасының жетекшісі Мирас Шекенов онлайн-диалог өткізді.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдай салыстармалы түрде тұрақты. Инфекция жұқтырып алу күн сайын артып келеді, тәулігіне 45 жаңа жағдайлар тіркеліп отыр.

Осылайша инфекциялы стационарларда 174  науқас коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдап жатыр, 18-і карантинді стационарда. Барлығы 192 адам.

Бүгінде қала ауруханаларында 560 төсек орын ашылған, керуеттердің толуы 31 пайыз немесе 174 төсек-орынды құрайды.

Сондай-ақ халықаралық әуерейстермен ПТР анықтамасыз келген жолаушыларды карантинді стационарға орналыстыру үшін бұл стационарда 500 карантинді керуеттер ашылды.

Қажет болған жағдайда 6 мыңнан астам төсек орны бар 18 нысан қайта бейінделеді.Тиісті алгоритм бар.

Қазіргі уақытта инфекциялық бейінді қызмет көрсететін Нұр-Сұлтан қаласының көпсалалы ауруханаларында инфекциялық аурулары бар науқастарға медициналық көмек көрсетуге лицензиялары бар. Бұл ұйымдарда санитарлық бақылау пункті, «лас» және «таза» аймақтарға бөлу және ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес басқа да талаптар сақталған.

Амбулаторлы-емхана қызметі жұмысының күшеюі бойынша

Ауру белгілері байқалмаған, COVID-19-дың жеңіл түрімен, сондай-ақ, ауырғандармен байланыста болған тұлғалар үнемі бақылауда және ақысыз дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында қосымша ауруларға шалдыққан 60 жастан асқан адамдарға көрсетілетін медициналық қызметтердің көпшілігі қашықтықтан форматқа көшірілді (бейнеконсультация), науқастарға үйде қызмет көрсететін мобильді топтардың жұмысы күшейтілді, олардың саны 207-ге жетіп отыр.

COVID-19 үшін биоматериал жинауға арналған зертханалар саны 16-ға дейін көбейтілді, жалпы қуаттылығы тәулігіне 11 мыңнан астам зерттеу. Барлығы 637 мыңнан астам зертханалық зерттеулер ПТР-тестілеу арқылы өткізілді.

COVID-19 анықтау үшін биоматериал жинауға арналған зертханалар саны 16-ға дейін көбейтілді, жалпы қуаттылығы тәулігіне 11 мыңнан астам зерттеулер жүргізуге болады. Қазірде барлығы 637 мыңнан астам зертханалық зерттеулер жүргізілді.
ПТР зерттеулерімен көбірек қамту үшін көпсалалы қалалық ауруханалардың қабылдау бөлмелерінде және ауруханалардың акушерлік бөлімшелерінде шағын изотермиялық зертханалар орналастырылды. Зерттеу нәтижесін 1 сағат ішінде алуға болады. (9 мобильді шағын зертханалар, тәулік қуаттылығы 1440 тестілеу).

Бұл шұғыл түрде денсаулық жағдайына байланысты ауруханаға түскен науқастарда коронавирустық инфекцияның бар жоғын дереу анықтауға көмектеседі.

Тұрақтандыру қоры құрылды. Қалдықта 830 мың дәрі-дәрмектер данасы  бар. СК «Фармация»-мен бірлесіп дәрілерді сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жеке қорғану құралдарының 3 айлық қоры бар. Оларды ауыстыру мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. 

Тікелей эфирге сілтеме:

https://www.facebook.com/100024377880922/videos/834847944004461/

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.