Ішкі істер министрлігі 26 қарашада азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізеді
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 26 қарашасында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және өңірлік ішкі істер бөліністерінде «ZOOM» интернет платформасы арқылы Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өткізіледі.
Іс – шараның негізгі мақсаты-халықпен кері байланысты қамтамасыз ету, олардың өзекті мәселелерін шешу, сондай-ақ полицияға қатысты сенім деңгейін арттыру.
Жамбыл облысының ПД бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Қабылдауға жазылу 23- 25 қараша аралығында 8 (7262) 997031, 8 (7262) 997034 телефондары арқылы немесе электрондық taraz_dp@mail.kz мекенжайы бойынша жүргізіледі.
[xfvalue_img]