ТАКСИ ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТАКСИ ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жолдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою мақсатында «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ШҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп өңірдегі такси қызметінің жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізді. Ең алдымен инспекция қызметкерлері такси тұрақтарына барып, заңға енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, такси қызметкерлеріне арнайы жадынамаларды таратты. Сонымен қатар қала көшелерінде рейдтік шаралар өткізді.

Бұрын бақылаушылар тек полиция қызметкерлерімен бірге жұмыс істесе, енді олар заң бұзушыларды өздері анықтай алады.

ҚР ИИДМ Көлік комитеті хабарлағандай, бұған дейін олардың қызметкерлері ішкі істер органдарымен бірлесіп рейдтік және жедел алдын алу шараларын өткізген. Постарды пайдалану ережелеріне түзетулер енгізілгеннен кейін көліктік бақылау инспекциялары тексерістерді дербес, оның ішінде мобильді постардың көмегімен жүргізе алады. Бұған қоса, заң бұзушылар ресми және бейресми таксилер арасында да анықталады (автомобильдер мен құжаттардың заңды талаптарға сәйкестігі үшін).

«Рейд барысында заңсыз тасымалдаушылар көп жиналатын орындарға: базарларға, теміржол және автобекеттердің жанындағы алаңдарға, ірі сауда және ойын-сауық орталықтарына және т.б. ерекше назар аударылады. Такси жүргізушілері бақылау арқылы анықталады (мысалы, көлікке жапсырылған белгі немесе тасымалдау жүзеге асырылатын елді мекенді көрсететін кесте), сондай-ақ жолаушыларды белгілі бір маршрутқа шақыратын жүргізушілердің өзін-өзі қалай ұстайтындығы арқылы да анықтылады. Көліктерді инспекторлар тексеруі үшін жол учаскелері жабылмайды», - дейді ШҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы Саят Манабаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде ресми таксилерге қойылатын талаптар «Автомобиль көлігі туралы» заңда бар. Толығырақ ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі порталынан (http://adilet.zan.kz) қарауға болады.

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 613-бабына сәйкес, бекеттердегі көліктік бақылау қызметкерлерінің талаптарын орындамағаны (оның ішінде жылжымалы) 30 АЕК айыппұлмен жазаланады, ал сол ережені бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін жүргізуші 6 айға құқығынан айырылады. Біздің басты мақсатымыз аталған заң аясында көліктік бақылау инспекциясының сапалы, әрі ашық жұмыс жасауын қадағалау және тұрмыстық жемқорлық фактілерінің алдын алу болып табылады», - дейді «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бахыт.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.