56 АЗАМАТ БІЛІКТІ КЕҢЕС ПЕН МЕДИАТИВТІК КӨМЕК АЛДЫ

56 АЗАМАТ БІЛІКТІ КЕҢЕС ПЕН МЕДИАТИВТІК КӨМЕК АЛДЫ

 

5 тамыз республикалық медиация күні. Осыған орай, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ZOOM платформасында «Медиация. Жаңа тәсілдер» атты онлайн-дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚХА ҒСК мүшесі Марат Бәшімов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары Юсуп Келигов және Шерзод Пулатов, Нұр-Сұлтан қалалық сотының судьясы, татуластыру рәсімдері жөніндегі үйлестіруші Гүлжанат Рахметова, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі «Құқық» ҚҚ төрағасы Ольга Рыль және терапевт, психолог, Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Гүлзат Асанова, елордалық этномәдени бірлестіктердің мүшелері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Онлайн-дөңгелек үстел модераторы елордалық ҚХА-ның ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, «Қырғызстан-Астана» ҚБ төрағасы Шавкат Исмаилов болды.  Конференфиға қосылған қатысушыларды Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова медиация күнімен құттықтады.

«Бүгінгі таңда елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында 18 медиатор жұмыс істейді. Олардың 8 кәсіби, 10 кәсіби емес. Бірнеше медиатор қызметті тіркеу процестерін іске асырып жатыр. Жыл басынан бері елордалық медиаторлармен бірге атқарып жатырған бұл 6-жобамыз. Қазір біз өмірдің түрлі салаларында –медицина, кәсіпкерлік және т.б. медиацияны енгізу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру бүгінгі дөңгелек үстелге қатысушылардың барлығына үлкен пайда әкелуі керек. Біз медиацияны насихаттап, оның дамуын ынталандыруымыз керек», - деп атап өтті Л.Құсайынова.

Шара барысында заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚХА ҒСК мүшесі Марат Бәшімов «Медиация азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау тетіктерінің бірі ретінде» тақырыбында, ҚХА төрағасының орынбасары Юсуп Келигов және Шерзод Пулатов отандық медиацияның қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға қосқан үлесі жайлы баяндады.

Қалалық соттың судьясы Г.Рахметованың пікірінше, Қазақстанда медиация институтын дамыту қоғамдық өмір саласындағы даулар мен жанжалдарды шешуге мүмкіндік береді және әлеуметтік тұрғыда медиация институтының дамуына септігін тигізеді.

Онлайн-дөңгелек үстел жұмысы аяқталғаннан соң «Виртуалды қабылдау» жобасы ашылды. Онда мамандар қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Күні бойы 56 азамат білікті кеңес пен медиативтік көмек алды. Негізінен «Виртуалды қабылдау» отбасылық-тұрмыстық және азаматтық қатынастар сипатында, сондай-ақ Қазақстанда қабылданатын денсаулық кодексі мен карантин жағдайында медициналық қызмет алу сипатындағы мәселелерді қамтыды.

  

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз бөлімі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.