Электронды қызмет ыңғайлы
Сотқа жүгінген әрбір азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін мамандырылған (ХҚКО-ры) Халыққа қызмет көрсету орталығында, арнайы «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-нан (ЭЦҚ) электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет. Қолтаңба алу еш қиындық тудырмайды. Жеке басын куәландыратын құжаты мен флешкаңыз болса болғаны. Орталық қызметкерлері аталған қызметті тез арада атқарып береді.
«Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» электронды сервистері Жоғарғы Соттың ресми сайтында іске қосылған. Аталған қызметтерді электронды цифрлы қолтаңбасы бар азаматтар тұтына алады.
Электрондық құжаттарды сотқа беру шарттарына тоқталар болсақ, біріншіден «Сот кабинетіне» тіркелу қажет. Осылайша ол электрондық құжаттарды беру сервисінің пайдаланушы құқығына ие болады. Сосын «Сот кабинетіне» авторизациялау ЖСН-нің немесе БСН-нің және парольдің көмегімен жүзеге асырылады. Сонымен қатар «Сот кабинеті» сервисінің мобильдік қосымшасын қолдануға мүмкін бар.
Электрондық құжаттарды беру сервисін пайдаланушы «Сот кабинетіне» авторизациялау рәсімінен өткеннен кейін, талап арызбен, сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арызбен, сот отырысының хаттамасына ескертумен, өтінішпен сотқа жүгіне алады.
Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану сотқа жүгінушілердің де, сот жүйесініңде барынша ашық әрі қолжетімді болуына ықпал етеді.
Ақжайық аудандық сотында 2019 жылдың 12 ай ішінде электронды форматта 22 қылмыстық іс, «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы 216- азаматтық іс бойынша талап арыздар мен шағымдар, 381 әкімшілік істер түссе, ағымдағы жылдың 4 айында, электронды форматта 25 қылмыстық іс, «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы 52 азаматтық істер мен 175 әкімшілік істер келіп түсті.
Құттыбек Мұстафин
Ақжайық аудандық соты кеңсесінің жетекші маманы
[xfvalue_img]
21 пікір