10 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматқа проактивті форматта арнайы мемлекеттік қызмет көрсетілді

10 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматқа проактивті форматта арнайы мемлекеттік қызмет көрсетілді

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ https://aleumet.egov.kz әлеуметтік қызметтер порталы арқылы проактивті форматта мемлекеттік қызметті көрсету жүйесін дамытуды жалғастыруда. Еске салсақ, аталмыш портал 2020 жылдың қаңтарынан бастап пилоттық режимде жұмыс істейді.

Бүгінде порталға мүмкіндігі шектеулі 580 адам және «қамқоршы» мәртебесі бар 288 адам тіркелді. Сондай-ақ, 233 адам портал арқылы кембағал жандарға арналған жеке қосалқы құралдарды алды.

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап азаматтар СМС-хабарлама жіберу арқылы келесі мемлекеттік қызметтерді ала алады:

1) мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек алу құжаттарды ресімдеу;

2) мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету;

3) жүріп-тұруы қиын І-ші топ мүгедектігі және есту кемістігі бар азаматтар жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметтерін алу үшін құжаттарды ресімдеу;

4) мүгедектерге кресло-арбалар беру;

5) мүмкіндігі шектеулі азаматтардың санаторий-курорттық емделуге жолдама алу.

2020 жылғы 11 мамырдағы мәлімет бойынша, мүмкіндігі шектеулі азаматтардан 10 мыңнан астам СМС келіп түсті.

Бүгінде порталда қолжетімді қызметтер тізімін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жақын арада проактивті форматта жеке көмекшіні таңдау (жүріп-тұруы қиын І-ші топ мүгедектері үшін), ымдау тілі маманы (есту кемістігі бар мүгедектер үшін) сияқты қызметтер қолжетімді болады.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасын жақсарту үшін 2020 жылдың қаңтарынан бастап https://aleumet.egov.kz әлеуметтік қызметтер порталын іске қосты. Аталмыш портал мүмкіндігі шектеулі адамдарға өздеріне ұнаған оңалту құралдары мен қызметтерін таңдап, сатып алу еркіндігін береді. Портал арқылы сатып алынған тауарлар мен қызметтер үшін шығындарды мемлекеттің өтеп беруі қарастырылған.

Бүгінгі күні порталда 500-ге жуық тауар мен құралдарды жеткізуші және оңалту қызметтерін ұсынатын компания тіркелген.

Айта кетсек, бұрын мүмкіндігі шектеулі жандар қажетті қызметті және оңалту құралдарын мемлекеттік сатып алу арқылы алатын. Азаматтарға тендерлік процедуралардың ұзақтығынан қажетті тауарды күтуге тура келетін. Сондай-ақ, кембағал жандар көмек алуға өтінім ресімдеу үшін Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне баруға тура келетін.

2021 жылға дейін оңалту тауарлары мен қызметтерін портал және мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы алатын болады. Ал, 2021 жылдан бастап автоматтандырылған жүйеге толық көшу жоспарлануда.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.