Ауыл кәсіпкерлеріне несиені өтеуге жеңілдіктер беріледі

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына несие бойынша төлемдерді кейінге шегеру жөнінде мыңдаған өтініш келіп түсті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры («ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы) төтенше жағдай кезінде бизнес иелерінің несие жүктемесін жеңілдету бағытында бірқатар шараларды жүзеге асыруда.

2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымға дейінгі кезеңде төлемдерді кейінге қалдыру үшін қарыз алушысы Қорға қаржылық жағдайдың нашарлағанын растайтын құжаттармен қоса өтініш жазуы керек. Өтінішті шаруалар электрондық пошта немесе мессенджер арқылы жібере алады. 7 жұмыс күні ішінде Қор өтінімді қарап, жауап береді.

Төлемді уақытша тоқтата тұру клиенттің несие тарихына кері әсер етпейді.

Бүгінде Қор филиалдарына қаржылық жағдайларының нашарлауына байланысты мыңнан аса өтініш келіп түсті. Оның ішіндегі жалпы сомасы 240 миллион теңге болатын 582 өтініш мақұлданды. Қалған өтініштер қаралуда.

Айта кету керек, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында несиелеу жұмыстарын жалғастырады. Ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес бағыттары қаржыландырылады. Атап айтқанда, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығына, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен сақтауға және кәсіпкерліктің басқа да түрлеріне несие беріледі.

Несиенің жылдық мөлшері – 6 пайыз, тиімді сыйақы мөлшері 6,7 пайыздан аспайды. Несие мерзімі – 6,5 жылға дейін. 2 жылға дейін жеңілдік мерзімі бар, одан кейін негізгі қарыз қайтарылады.

Қор кәсіпкерлерге ыңғайлы кепілдік саясатын ұсынады. Яғни, несие алушы ауылдық жерлердегі жылжитын және жылжымайтын мүлігін кепілдікке қоя алады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.