СІМ, ИИДМ және Қазақстан машина жасаушылар одағы «Сарыарқа» АЭА-ның дамуына қолдау көрсетеді
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қарағанды облысындағы «Сарыарқа» Арнайы экономикалық аймағында болып, шетелдік капиталдың қатысуымен жұмыс істеп жатқан бірқатар кәсіпорындардың қызметімен танысты. Сапар аясында экономикалық аймақ қызметінің ерекшеліктері мен шетелдік инвестицияларды тарту мүмкіндіктері талқыланды.
«Біз сіздің арнайы экономикалық аймақты және шетелдік инвесторларға не ұсына алатынымызды көру үшін келдік. Бұл жерде инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасалған, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды үлгі ретінде тарта аламыз. Біз осы экономикалық аймақта машина жасауды дамыту үшін осындай трендті белгілегіміз келеді», - деп атап өтті СІМ басшысы.
Іс-шараның қорытындысы бойынша аймақтың дамуы туралы төрт жақты құжатқа қол қойылды, оған Сыртқы істер, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері, Қарағанды облысының әкімдігі және Қазақстан машина жасаушылар одағы қол қойды.
«Сарыарқа» АЭА 2011 жылдың қараша айында құрылды. 600 га алаңда 15 қатысушы тіркеліп, 7 жоба іске асырылды, ал тағы 8 жоба іске асырылу сатысында. Салынған инвестиция көлемі 90 млрд. теңгеден асты.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
баспасөз қызметі
[xfvalue_img]