Нұр-Сұлтанда Орталық Азия мемлекеттерінің экономикалық мүмкіндіктерінің нығаюына бағытталған Еуропалық Одақтың жаңа аймақтық бағдарламалары ұсынылды

Нұр-Сұлтанда Орталық Азия мемлекеттерінің экономикалық мүмкіндіктерінің нығаюына бағытталған Еуропалық Одақтың жаңа аймақтық бағдарламалары ұсынылды

Бүгін Қазақстанның астанасында сауда, заң үстемдігі және Орталық Азияның іскерлік тартымдылығы бойынша Еуропалық Одақтың (ЕО) үш жаңа аймақтық бағдарламаларының енгізілуіне орай «Аймақтың гүлденуі үшін Орталық Азиядағы интеграцияның күшеюі» атты конференциясы өз жұмысын бастады.

Аталған іс-шара аймақтың тұрақты өсімі үшін ЕО мен Оратлық Азия мүше-мемлекеттерінің мемлекеттік және жеке секторларының біріңғай тәсілдерін құру мақсатында Қазақстан Республикасындағы ЕО Өкілдігімен, Еуропа Кеңесі (ЕК), Халықаралық сауда орталығы (ХСО), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) бірігіп ұйымдастырылды.

Форумның жұмысында, сондай-ақ Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның үкіметтік делегациялары қатысты.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко өз сөзінде 2019 жылы 17 маусымда қабылданған Орталық Азияға қатысты ЕО-ның жаңа стратегиясы шеңберінде енгізілген үш жаңа бағдарламалары үшін Еуропалық Одақ және Еуропалық Комиссия басшылығына алғыс айтты.

«Аталған конференция Қазақстанның және басқа Орталық Азия мемлекеттерінің Еуропалық Одақпен ынтымақтастығының сәтті мысалы болып табылады, сондай-ақ біздің елдеріміз алдындағы және аймақтың алдында тұрған маңызды міндеттерді тараптардың бірлесіп шешуге дайындықтарын көрсетеді»- деп атап өтті.

33,7 млн. евро көлеміндегі бірінші бағдарлама Халықаралық сауда орталығымен жүзеге асырылады және халықаралық, ішкі аймақтық сауданың дамуы бойынша Орталық Азия мемлекеттерінің жұмыстарын қолдауға бағытталады.

8,4 млн. евро көлеміндегі екінші бағдарлама Еуропалық Кеңес бағыты бойынша жүзеге асырылады және аймақтағы заң үстемдігі жағдайының жақсартылуына көңіл бөледі.

13,5 млн. евро көлеміндегі бағдарлама аймақтағы инвестициялық жағдайдың нығаюына, кіші және орта бизнес бәсекелестігінің өсуіне бағытталған ЭЫДҰ-ның, бірқатар жетекші еуропалық институттары – «Орталық Азияға инвестиция құю» атты басқа да бірлескен жобасының жалғасы болып табылады.

Р.Василенко форум қатысушылары мен қонақтарына  үстіміздегі жылы 34,6 млн. евро көлемінде басқа төрт аймақтық жобалардың енгізілуін атап өтті. Оның ішінде, қазақстандық тараппен ұсынылған 2025 жылға дейін Қазақстан және Өзбекстанның жоғары оқу орындарында 50 ауған әйел адамдарын оқыту бойынша бағдарламасы да атап өтілді.

Форум шеңберінде Р.Василенко Еуропа Кеңесі (ЕК) бағдарламалар бас директораты офисінің басшысы В.Тейлордың басшылығындағы ЕК делегациясымен келіссөздер жүргізді.

Келіссөздер шеңберінде ҚР-ның ЕК-мен ынтымақтастығының перспективті бағыттары, оның ішінде Еуропалық Комиссия бағыты бойынша демократия үшін құқық, Еуропалық прокурорларының консултативтік кеңесі, Сот төрелігінің тиімділігі бойынша еуропалық комиссия, еуропалық соттардың консультативтік кеңесі және «2019-2022 жж. Қазақстан үшін Еуропалық Кеңеспен ынтымақтастығының басым бағыттары» бағдарламасының 2-кезеңін жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

Оған қоса, ЕК өкілдері 2020 жылы Қазақстанда Еуропалық Кеңесі аймақтық Офисінің ашылуы бойынша ҚР Үкіметінің қазіргі тандағы қадамдары туралы мәлімденді.

Өз кезегінде, В.Тейлор Қазақстанның және Президент Қ.Тоқаевтың елдегі құқық үстемдігін одан әрі нығайтуға,  ЕК-мен, соның ішінде еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі елдер тобына (ГРЕКО) және ЕК тақырыптық конвенцияларына қосылу арқылы ынтымақтастықты тереңдетуге деген ұмтылысын жоғары бағалады.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.