Қазақстандық экспорттаушылар қытай әріптестерімен ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстандық экспорттаушылар қытай әріптестерімен ынтымақтастықты нығайтуда

 

Отандық өнімдерді ҚХР нарығында ілгерілету мақсатында, Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы «Silk Road» экспорттық Орталығы, «Қазақстан Ауылшаруашылық өнімдерін экспорттаушыларының қауымдастығы» және «Пионер» ЖШС, «Лепсі балы» ЖШС, «ҚР ӘӨК» ЖШС сияқты бірнеше қазақстандық компаниялар өкілдерінің Қытайға жұмыс сапарын ұйымдастырды. Жұмыс сапарының мақсаты қазақстандық өндірушілер мен қытайлық әріптестер арасындағы өзара іс-қимылдардың алгоритмін әзірлеу болды.

Сауда-өнеркәсіп палатасымен, Сертификация орталығымен, «Байлан» компаниямсымен, Еркін сауда аймағымен және РФ-ның Шанхай қаласындағы сауда орталығымен кездесулер ұйымдастырылды.

Кездесулер барысында қазақстандық кәсіпкерлер өнімдерге химиялық және бактериологиялық анализдерді жүргізу талаптарын және арнайы рұқсат құжаттамасын рәсімдеу ережелерін зерделеуге мүмкіндік берген импорттық өнімдерді талдау орталығына барып, импорттық өнімдерді сертификаттау және стандарттау рәсімдерімен танысты.

Сонымен қатар, Қазақстан делегациясы Ханчжоу, Иву және Фучжоу қалаларына барып, осы қалалардың жергілікті іскерлік тобымен кездесті және оларды дайын қазақстандық ауылшаруашылығы өнімдерімен таныстырды.

Тауарларды нарықта ілгерілетудің қытайлық жүйесімен танысу үшін Ханчжоу қаласының «Гуожань» мамандандырылған Холдингіне жұмыс сапары ұйымдастырылды. Холдинг халық тұтынатын тауарлардың жалпы жарнамасымен, дизайнымен және оларды қаптаумен айналысады.  Холдинг басшылығы қазақстандық тауарларды ҚХР нарығына шығару үшін бірлескен жеке бағытты ашуды және консалтингтік және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұсынды.

Сонымен қатар, Иу қаласы әкімінің міндетін атқарушы орынбасарымен кездесу ұйымдастырылды. Оның барысында қала басшылығы қазақстандық өндірушілерді қолдау ниетін білдіріп, қажет болған жағдайда, үлкен артылықшылықтарымен сауда алаңдарын бөлуді ұсынды. Қазақстандық өндірушілерге 2019 жылы 23-26 мамыр аралығында Иу қаласында өтетін «Шетелдік тауарлардың халықаралық жәрмеңкесіне» қатысуға шақырды.

Сонымен қатар, Қазақстан бизнесінің өкілдеріөз өнімдерін ҚХР нарығына шығаруға қажетті рәсімдермен және ықтимал тетіктерімен, сондай-ақ ынтымақтастықты дамытудың шынайы әлеуетімен және жеткізілімдердің көлемімен танысты.

         Кездесулердің нәтижесінде, қазақстандық өнімдерді ҚХР нарығында белсенді ілгерілету үшін Қытай тарапы Шанхайда «Silk Road» экспорттық Орталығының өкілдігін ашуды ұсынды. Бұл орталық қазақстандық өндірушілердің өнімдерін ҚХР-ның аумағында ілгерілетуге және сертификаттау және стандарттау рәсімдерін өтуде көмектесетін болады, ал бұл өзкезегінде отандық өндірушілерге қытайлық әріптестермен тұрақты тікелей байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.

  

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.