Ақтауда жаңа перинаталды орталық ашылды
Ақтауда облыс әкімі Ералы Тоғжанов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаеваның қатысуымен ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, жаңа облыстық "Ана мен бала" орталығының салтанатты ашылуы өтті.
Жалпы ауданы 28 000 шаршы метрді құрайтын жаңа орталық жеті блоктан тұрады. Ол 250 орынға арналған және заманауи талаптарға сәйкес материалдық техникалармен жабдықталған. Мұнда жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге және жоғары қауіпті топтағы босанған әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге, шала туған және салмағы аз балаларға мамандандырылған және жоғары мамандандырылған акушерлік-гинекологиялық және неонаталдық, медициналық-санитарлық және консультациялық диагностикалық көмек көрсетіледі.
«Ең алдымен барлығыңызды Тұңғыш президент күні мерекесімен шын жүрекетн құттықтаймын. Бүгінгі ашылған орталықтың негізгі мақсаты облыс тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету, халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру болып табылады. Мұндағы біліктілігі жоғары медицина қызметкерлері тұрғындарымызға сапалы қызмет көрсетіп, халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында аянбай қызмет жасайды деп сенемін. Баршаңызды тағы да қазіргі заманғы талаптарға сай салынған жаңа «Ана мен бала» орталығының ашылуымен шын жүректен құттықтай отырып, Сіздерге мықты денсаулық, еңбекте табыс, отбасы бақыты мен берекесін тілеймін! Дәрігерлік анттарыңызға адал болып, халықтың алғысына бөлене беріңіздер!»,- деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Перинаталдық орталықта 442 медицина қызметкері жұмыс істейді. Дәрігерлер — 60, оның 11-і жоғары санатты. Медициналық жабдықтармен және ММБ жарақтандырылуы 90,2% құрайды. Орталықта әлемнің кез келген нүктесіне онлайн байланыс жүргізу мүмкіндігімен интеграцияланған операциялық бөлме орналасқан. Сондай-ақ «Prismaflex» және «Магѕ» бүйрек және бауыр алмастырушы терапиясына арналған жабдық орнатылды. Орталыққа өздерінің микробиологиялық зертханасы қолданысқа енгізілмек. 2018 жылдан бастап жүрек ақауы бар нәрестелерге кардиохирургиялық операциялар жүргізіледі.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
7 пікір