Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысы "7-20-25" бағдарламасы бойынша қолданысқа берілген пәтерлер бойынша көш басында

Ақтауда өткен  облыс активінің жиналысы  кезінде халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселесі талқыланды.

Жиын  барысында облыс әкімі  Ералы Тоғжанов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында айтылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу барысында атқарылатын жұмыстар туралы баяндады.

Мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту мәселесіне келгенде, Маңғыстауда 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту  93,7% ( 2017 жылы 93,1%) құрайды. Жыл басынан 919 орындық 10 балабақша пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 23 нысан пайдалануға беріледі. Нәтижесінде көрсеткіш 97,1% - ға жетеді.

Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесін шешу үшін өңірде 1219 медицина қызметкері жалақыға үстемақы алады. Сонымен қатар, медицина саласын цифрландыруға ерекше көңіл бөлінуде. Ең алдымен, барлық медициналық ұйымдар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қағазсыз құжат айналымына көшуі тиіс. Екінші міндет - 2020 жылға дейін облыстың барлық тұрғындары үшін электрондық денсаулық төлқұжатын әзірлеу.

Бүгінде  Маңғыстау халқының бұқаралық спорт түрлерімен және дене белсенділігімен қамтылуы 29,6% - ды құрайды, бұл соңғы 3 жылмен салыстырғанда  8 есеге көп.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз аймақтық деңгейде резервтер тауып, облыс тұрғындары үшін спортты қолжетімді етуге тиіспіз. Сондай-ақ, соңғы жылда  20-дан астам спорт алаңы мен 11 ірі спорт нысаны жеке инвесторлар есебінен салынды. Биыл  Ақтау қаласында мұз айдынының, Бокс орталығының, Бейнеу, Маңғыстау және Сенек ауылдарында спорт кешендерінің құрылысы басталды. Биылғы жылы Маңғыстауда футболды дамыту мақсатында жаңа футбол алаңы салынып, Мұнайшы стадионы қайта жөндеуден өтті", - деді өңір басшысы  Ералы Тоғжанов. Өмір сүрудің қолайлы ортасын құру мәселесі бойынша Президент халыққа Жолдауында  өңірлік және қалалық инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударды. Осылайша, жыл соңына қарай Маңғыстау ауылдық елді мекендерінің 69% - ы немесе ауыл халқының 89% - ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта ауданаралық жолдардың көпшілігінің  жағдайы жақсы, сондықтан ауылішілік жолдардың құрылысына қаражат бөлінетін болады. Маңғыстауда 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын 2-2, 5 есе арттыру бойынша пилоттық жоба енгізілді. Жобаны іске асырудың 8 айында мемлекеттік қызметке түсуге ниет білдірушілер саны 1 орынға  2-ден 16 адамға дейін артты, ұсынылған жоғары сапалы мемлекеттік қызметтер саны 3 есеге артты, Мемлекеттік қызметтерді алуға халықтың шағымдары 4 есеге қысқарды. Сондай-ақ оңтайландыру есебінен мемлекеттік қызметшілердің саны 84 бірлікке, ал басқару кадрларының саны 24 бірлікке қысқарды. Елбасы  Жолдауын іске асырудың  басқа да аспектілерін қолдану  туралы  ойларымен қоғам белсенділері  бөлісті.Туристік кластердің өкілі демалыс базасының директоры Ұлболсын Ахметова өңірде Мемлекет Басшысының тапсырмалары орындалып   жатқанын атап өтті: "Биылғы жазда Маңғыстауға сапары кезінде, Президент  Ақтау қаласы Түрік Анталиясының аналогы болуы тиіс деген тапсырма берді. Бір ай ғана уақыт өтті. Бүгінде  Үкімет деңгейінде "Каспий теңізі  жағалауындағы теңіз курортын дамыту жөніндегі жол картасы" қабылданды, оның негізгі бағыты Ақтау қаласынан Құрық кентіне дейінгі жағажай аймағының инженерлік инфрақұрылымын салу болып табылады. Әкімдік өз кезегінде  су және электр желілерімен жабдықтау үшін жобалық құжаттаманы дайындауға кіріскен және 2019 жылы іс-шараларды іс жүзінде жүзеге асыруға кірісуге уәде берген болатын".

"Банк Центр Кредит" банкінің Ақтау филиалының директоры Дилшод Оразыметов Маңғыстау облысында "7-20-25" ипотекалық тұрғын үй несиелендірудің мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы айтып берді: "7/20/25 бағдарламасын іске асыру бойынша облыстар арасында, Маңғыстау облысы сатылған пәтерлердің көлемі мен саны бойынша үшінші орында тұр. 7/20/25 бағдарламасы басталғалы  ЦентрКредитБанкінің Маңғыстау облыстық  филиалы 1,4 млрд. теңгеден астам сомаға 140-тан астам қарыз берді" деді.

 

Маңғыстау облысы әкімінің  баспасөз  қызметі.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.