Шынымен қазақтар қысым көріп отыр ма? Депутат Сағынтаевтан Қытайдағы қандастардың жағдайын сұрады
"Қытайда тұратын қазақ диаспорасы ең ірі диаспора екені белгілі. Негізгі қоныс құрған жерлері – Шыңжаң-ұйғыр автономды аймағы және Цинхай мен Ганьсу провинциялары. Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-ұйғыр автономды аймағында тұратын қазақ ұлтының өкілдері қысым көріп келеді деген әңгіме шілде айындағы Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында көтерілген болатын. Содан бері ақпараттық кеңістік пен әлеуметтік желілерде Шыңжаңда қоныс тепкен бір жарым миллионнан астам қандастарымыздың заңды құқықтарының шектелуі жөніндегі әңгіме кеңінен таралып келеді", — деді депутат сенаттың жалпы отырысында.
Ол қазақтардың діни құқықтарының шектелуі, шетелге шығу үшін төлқұжат берілмеуі, оралман құжаттарын қолына алған адамдарды оны қайтадан тапсыруға мәжбүрлеу туралы ақпарат тарағанын айтты.
sputniknews.kz
[xfvalue_img]
7 пікір