Астанада «Coupe Mondiale 79» атты баян және аккордеон өнеріне арналған халықаралық байқау басталды

Астанада «Coupe Mondiale 79» атты баян және аккордеон өнеріне арналған халықаралық байқау басталды

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында «Coupe Mondiale 79» атты баяншылар мен аккордеоншылардың халықаралық байқауының ашылу салтанаты өтті. Баян және аккордеон өнері бойынша әлемдегі ең беделді додалардың бірі Қазақстан мен Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева байқауға қатысушылар мен қонақтарға құттықтау хатын жолдады. Министр өз сөзінде мәдениет саласын дамытудағы мемлекеттік қолдау мен халықаралық шығармашылық байланысты кеңейтудің маңызын атап өтті.

«Мемлекет басшысы мәдениетті елдің рухани қуатын арттыратын, ұлттық болмысын айшықтайтын маңызды құндылық ретінде әрдайым ерекше атап келеді. Музыка әлеміндегі ең беделді өнер додаларының бірі – «Coupe Mondiale» байқауының қазақ жерінде өтуі осы бағыттағы жүйелі жұмыстың жарқын көрінісі. Бұл Қазақстан үшін ғана емес, тұтас Орталық Азияның мәдени өміріндегі айтулы оқиға. Халықаралық аккордеонистер конфедерациясы басшылығы мен беделді өкілдерінің елімізге келуі де Қазақстанның мәдени әлеуетіне көрсетілген зор сенімнің белгісі деп білемін. Бұл қазақстандық жас музыканттардың кәсіби шеберлігін шыңдап, халықаралық тәжірибе жинақтауына және әлемдік сахнаға шығуына жаңа мүмкіндіктер ашады», – делінген құттықтауда.

Биыл байқауға 147 өтінім түсті. Оның 126-сы жеке орындаушылардан, 21-і ансамбльдерден қабылданған. Қазақстан, Ресей, Қытай, Италия, Португалия, Черногория, Сербия, Хорватия, Швейцария, Жапония, Өзбекстан, Бразилия, Босния және Герцеговина, Қырғызстан, Солтүстік Македония және Беларусь елдерінен келген өнерпаздар жеті аталым бойынша бақ сынайды.

Байқауға орай Астанаға Халықаралық аккордеонистер конфедерациясының 48 делегаты келді. Олардың қатарында ұйым президенті Мирко Патарини, бас хатшы Киммо Маттила, Музыкалық комитет өкілдері, халықаралық қазылар алқасының мүшелері мен белгілі орындаушылар бар.

Сонымен бірге Халықаралық аккордеонистер конфедерациясы делегаттарының 156-конгресі басталды. Жиында баян және аккордеон өнерін дамыту, кәсіби музыкалық білім беру және ұлттық орындаушылық мектептер арасындағы байланысты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланып жатыр.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.