Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ қатысуымен Ақтау қаласында бу-газ қондырғысын салу жобасы бойынша инвестициялық келісімге қол қойды

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ қатысуымен Ақтау қаласында бу-газ қондырғысын салу жобасы бойынша инвестициялық келісімге қол қойды

2026 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Huadian Kazakhstan Energy Ltd. жеке компаниясы арасында «Ақтау қаласында қуаты 160 МВт бу-газ қондырғысын салу» инвестициялық жобасын іске асыру шеңберінде Инвестициялар туралы келісімге қол қойылды.

Жобаны «Ақтау энергетикалық компаниясы» ЖШС «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-ның («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ еншілес ұйымы) қатысуымен Qazaqstan Investment Capital Management Ltd. басқаруындағы Kokzhiyek Fund LP тікелей инвестициялар қоры арқылы іске асырады.

Қордың қатысуы Қазақстан Республикасының инфрақұрылымдық және энергетикалық жобаларға жеке инвестицияларды тарту тетіктерін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатына сәйкес келеді, сондай-ақ елдің инвестициялық ахуалын нығайтуға ықпал етеді.

Жобаны іске асыру «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС ЖЭО-дағы қуат тапшылығын өтеуге, өңірді тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етуге және батыс энергетикалық жүйесінің сенімділігін арттыруға бағытталған.

Huadian Kazakhstan Energy Ltd. компаниясы бу-газ электр станциясын салу кезінде технологиялық әріптес ретінде қатысады. Бұл Қытайда қолданылатын озық технологияларды енгізуді, сондай-ақ отандық энергетика саласына тәжірибе мен құзыреттер трансфертін көздейді.

Келісімге қол қою China Huadian компаниясының Қазақстандағы қызметін дамытудағы кезекті маңызды кезең болып табылады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі дәйекті саясатын көрсетеді.

Көпсатылы келіссөздер мен ведомствоаралық келісулердің қорытындысы бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сондай-ақ Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қатысуымен Инвестициялар туралы келісім 2026 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен мақұлданып, кейіннен 2026 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовпен қол қойылды.

Келісімнің күшіне енуі «Ақтау энергетикалық компаниясы» ЖШС-не
5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге салықтық және кедендік преференциялар алуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, кедендік баждардан, импорттық ҚҚС-тан, корпоративтік табыс салығынан, жер салығынан және мүлік салығынан босату, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың өзге де шаралары қарастырылған.

Келісімді іске асыру Қазақстан Республикасы үшін маңызды практикалық мәнге ие. Бұл энергетикалық инфрақұрылымды дамытуға, инвестициялар тартуға және заманауи технологияларды еңгізуге ықпал етеді, сондай-ақ энергетика саласындағы стратегиялық бастамаларды іске асыруда даму институттарының белсенді қатысуын көрсетеді. 

Анықтама үшін:

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – негізгі миссиясы тікелей инвестицияларды тарту және негізгі салалардың бәсекеге қабілеттілігін жаңғыртуға және арттыруға ықпал ететін жобаларды қолдау арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуіне жәрдемдесу болып табылатын, 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры. «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ - еншілес ұйымы. Қосымша ақпаратты https://qic.kz/ сайтынан алуға болады.

Qazaqstan Investment Capital Management Ltd. жеке компаниясы - «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ еншілес ұйымы, 2025 жылы құрылған, шағын және орта бизнестің ірі, капиталды қажетсінетін жобаларын қаржыландыратын тікелей инвестициялар қорларының басқарушы компаниясы.

«Ақтау энергетикалық компаниясы» ЖШС - Бірлескен кәсіпорын 2024 жылы «Ақтау қаласында қуаты 160 МВт бу-газ қондырғысын салу» жобасын іске асыру мақсатында арнайы құрылған. Қатысушылары: 70% үлеспен Huadian Kazakhstan Energy жеке компаниясы, 20% үлеспен Kokzhiyek Fund L.P. тікелей инвестициялар қоры және 10% үлеспен «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС.

China Huadian Corporation Ltd. (CHD) - Қытай мемлекеттік корпорациясы, Қытайдың бес ұлттық электр энергиясын өндірушілерінің бірі. Жобаларға қатысу үлесі 51% -100% болатын стратегиялық инвестор ретінде әрекет етеді. Жоғары рейтинг (A2, A және A-) және беделдің арқасында нарықтағы ең жақсы шарттармен қаржыландыруды тартады, жобалардың құнын төмендету үшін оңтайлы шешімдерді жүзеге асырады.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.