«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ «IL-TOV» ЖШС жобасындағы қатысуын сәтті аяқтады

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ «IL-TOV» ЖШС жобасындағы қатысуын сәтті аяқтады

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC, «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ еншілес ұйымы) «BV Management» ЖШС басқаруындағы тікелей инвестициялар қорының «IL-TOV» ЖШС жобасынан сәтті шыққанын хабарлайды.

Аталған жоба – Қазақстан мен Орталық Азиядағы дайын мұздатылған жартылай фабрикаттарды өндіретін алғашқы жоғары технологиялық кәсіпорын болып табылады. Жобаны қаржыландыру жалпы сомасы 2,2 млрд теңгені құрайтын мезониндік қарыз форматында жүзеге асырылды.

Қор инвестициялары компанияға 2022 жылдың желтоқсан айында мезониндік қаржыландыру түрінде ұсынылып, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ заманауи технологиялық жабдықтарды сатып алуға бағытталды. Жобаны іске асыру елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және Қазақстан Республикасының тамақ өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосты.

Кәсіпорын тұтынуға толық дайын және шоктық мұздатудан өткен өнімдердің кең ассортиментін шығарады, оның ішінде котлеттер, шницельдер, митболдар, стрипстер мен наггетстер бар. Бұл өнімдер нарықтың заманауи талаптары мен тұтынушылық сұранысқа толық сәйкес келеді.

Өндірістің шикізат базасы ретінде бұрын «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ тарапынан қаржыландырылған «Макинск құс фабрикасы» ЖШС өнімдері пайдаланылады. Бұл жеткізу тізбегінің ашықтығын, жоғары деңгейдегі жергіліктендіруді және өндірістік модельдің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Жобаны іске асыру аясында маңызды әлеуметтік-экономикалық нәтижелерге қол жеткізілді: 143 жаңа жұмыс орны құрылды, ал бюджетке түскен салық түсімдерінің жиынтық көлемі 328 млн теңгеден асты. Қаржыландыру тартылған сәттен бастап «IL-TOV» ЖШС өндіріс көлемі мен қаржылық көрсеткіштерінің тұрақты өсуін көрсетіп келеді.

Алдағы уақытта кәсіпорын жылына 10 – 12 мың тонна өнім өндіру қуатын арттыруды жоспарлап отыр. Бұл импортқа тәуелділікті едәуір қысқартып, ішкі нарықта отандық өндірушілердің позициясын күшейтуге мүмкіндік береді.

IL-TOV жобасы мемлекет пен бизнестің тиімді әріптестігінің айқын үлгісіне айналып, Қазақстанның тамақ өнеркәсібін дамытудағы ұзақ мерзімді инвестициялық қаржыландырудың маңызды рөлін растады. 

Анықтама үшін:

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – негізгі миссиясы тікелей инвестицияларды тарту және негізгі салаларды жаңғыртуға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін жобаларды қолдау арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуіне жәрдемдесу болып табылатын, 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры. «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ - еншілес ұйымы. Қосымша ақпаратты https://qic.kz/ сайтынан алуға болады.

«BV Management» ЖШС – басқарушы компания, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-nың еншілес ұйымы, Қазақстан экономикасының басым секторларында жобаларды іске асыратын жылдам дамып келе жатқан және инновациялық компанияларға инвестицияларды жүзеге асырады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.