Аса кең бұрышты және өзгеше: ымырасыз шығармашылық еркіндікті қамтамасыз ететін екі жаңа L сериялы Canon объективі
Алматы, Қазақстан, 5 ақпан 2026 жыл — Canon компаниясы бүгін кәсіби RF объективтері қатарын фотографтар мен кинематографистерге шығармашылық әлеуетін ашуға және әлемді жаңа динамикалық қырларынан түсіруге мүмкіндік беретін екі жаңа аса кең бұрышты объективтерімен кеңейтеді. Жоғары жарық күшімен, ықшамдығымен және керемет оптикалық сапасымен RF 7-14mm F2.8-3.5L FISHEYE STM және RF 14mm F1.4L VCM кәдімгі кең бұрышты объективтерден түбегейлі ерекшеленеді.
190° шолу бұрышы бар әлемдегі алғашқы «балық көзі» тәрізді зум-объективін қарсы алыңыздар1
RF 7-14mm F2.8-3.5L FISHEYE STM объективі — алуан түрлі кескіндер мен бейнелер түсіруге мүмкіндік беретін бірегей аса кең бұрышты RF зум-объективі. Толық кадрлы EOS R System камерасымен бірге RF 7-14mm F2.8-3.5L FISHEYE STM объективі кескінді екі түрде ұсынады: 7 мм фокустық қашықтықта 190° шолу бұрышы бар аса кең бұрышты дөңгелек «балық көзі» кескіні және 14 мм фокустық қашықтықта 180° шолу бұрышы бар кадрды түгел толтыратын диагональды «балық көзі» кескіні. APS-C камераларында 180° шолу бұрышы бар кадрды түгел толтыратын диагональды «балық көзі» кескіндерін алу үшін ең кең бұрыш мәнін шамамен 8,7 мм мәніне орнатуға болады.
Жаңашыл EF 8-15mm f/4L Fisheye USM объективінің табысын арқау етіп, RF 7-14mm F2.8-3.5L FISHEYE STM объективі кеңірек шолу бұрышын, көбірек жарық күшін, жеңіл салмақты, бүкіл кадр бойында жақсартылған кескін сапасын ұсынады. Инновациялық алмалы-салмалы сүзгі жүйесі қосымша дөңгелек поляризациялық және айнымалы бейтарап тығыздық сүзгілерін (ND-сүзгілерін) нақты уақыт режимінде реттеуге мүмкіндік беру арқылы қолданысты жеңілдетеді, осылайша фотографтар мен кинематографистерге кез келген жағдайда жарықты дәл басқаруға мүмкіндік береді.
Жұмыстарының басқалардан оқ бойы озық тұруын қалайтын кәсіпқой мамандарға арналған RF 7-14mm F2.8-3.5L FISHEYE STM объективі экстремалды спорт түрлері мен астрофотографиядан бастап пейзаждар мен экспрессивті портреттерге дейін алуан түрлі жанрларда әсерлі кескіндер түсіруге мүмкіндік береді. Фокустау қашықтығы небәрі 0,15 м болатын осы әмбебап зум-объектив шығармашылық бұрмалауларды одан әрі күшейтуге және жұмысыңызды басқалардан ерекшелендіруге мүмкіндік береді.
Фотографтарға ерекше «балық көзі» тәрізді перспективамен түрлі эксперимент жасауға еркіндік бере отырып, жүйе жетілдірілген оптикалық құрылымының арқасында кескін сапасын қатаң бақылауды қамтамасыз етеді. Оған сфералық аберрацияларды басу үшін екі асфералық реплика элемент, хроматикалық аберрацияларды азайту үшін бес төмен дисперсті шыны элемент (UD-элементтер). жарқыл мен сәулені азайту үшін шағылысуға қарсы ASC жабыны кіреді.
Бұрама механизмді дыбыссыз STM автофокусы және фокус «тынысын» азайту мүмкіндігі RF 7-14mm F2.8-3.5L FISHEYE STM объективін креативті бейнетүсірілім үшін де, фототүсірілім үшін де тамаша құрал етеді. «Балық көзі» объективін пайдаланумен үйлесімді камераға түсірілген 360° бейнероликтерді EOS VR Utility3 көмегімен 2D 180° VR файлдарына айналдыруға болады, сөйтіп VR гарнитурасымен толықтай шому әсерін береді. Біркелкі проекциясының арқасында RF 7-14mm F2.8-3.5L FISHEYE STM объективі орталықтан шетке қарай бүге-шегесіне дейін біркелкі етіп көрсетуді қамтамасыз етеді. Нәтижесінде бүкіл кадрда, тіпті 2D VR үшін созған кезде де жоғары ажыратымдылықты қамтамасыз етеді — сондықтан әрбір кадр айқын және тартымды болып қала береді.
RF 7-14MM F2.8-3.5L FISHEYE STM объективінің негізгі қасиеттері:
- 190° шолу бұрышы бар әлемдегі алғашқы «балық көзі» тәрізді зум-объектив1
- 7 мм дөңгелек объектив және 14 мм диагональды «балық көзі» объективі толық кадрлы камерада кескіннің екі түрін түсіруге мүмкіндік береді.
- Ресми Canon3 қолданбасымен 2D 180° VR-ға оңай түрлендіруге арналған бірдей қашықтықтағы проекциясы бар дөңгелек «балық көзі» тәрізді объектив.
- Бүкіл кадрда жоғары сапалы кескін алу үшін асфералық және UD элементтер.
- Жарқын f/2.8-3.5 диафрагмасы жылдам қарқынмен жүретін көріністерді және жарық аз жағдайларда түсіру үшін аса қолайлы.
- Алмалы-салмалы сүзгілерді пайдалану мүмкіндігі қарастырылған.
- Шаң мен ылғалдан қорғайтын берік L сериялы құрылым4
- Жеңіл 476 г салмағы оңай алып жүруге мүмкіндік береді.
RF 14 мм F1.4L VCM объективі: айрықша жылдамдық, бетке ұстар айқындық.
RF 14mm F1.4L VCM объективі кең бұрышты объективтердің сапасына жаңа стандарт белгілейді. Canon гибридті фикс-объективтер қатарын толықтырған осы аса кең бұрышты, аса жылдам және аса жеңіл жаңа құрылғы кең ауқымды фото мен бейнетүсірілімдер жүргізуге шабыттандыруға арналған.
Кең 114° шолу бұрышымен RF 14mm F1.4L VCM объективі пейзаждарды да, интерьерлерді де түсіру үшін өте қолайлы. Оның айрықша жарқын f/1.4 диафрагмасы жарық аз кезде немесе түсірілім нысанын ерекше етіп көрсету үшін таяз ашықтықты пайдаланған кезде үлкен икемділік береді.
Аса кең бұрышты құрылымы мен жарқын диафрагмасына қарамастан, RF 14mm F1.4L VCM объективі жеңіл болып қала береді, сондықтан оны далада және саяхатта түсірілім жүргізуге, сондай-ақ дронмен түсіруге өте тиімді етеді. Салмағы шамамен 578 г болғандықтан, жүріс үстінде түсіруге өте ыңғайлы, ал L сериялы берік құрылымы күрделі тапсырмаларға дайын болуды қамтамасыз етеді.
RF 14mm F1.4L VCM объективі тіпті ашық f/1.4 диафрагмасында да орталықтан бұрышқа қарай керемет кескін сапасын қамтамасыз етіп, арнайы линза элементтері мен жабындарын кеңінен пайдаланудың арқасында мұндай кең бұрышты, жарық күші жоғары құрылғыда сирек кездесетін тиімділік деңгейіне жеткізеді. Құйма шыныдан жасалған үш асфералық элемент (GMo) жұлдыздар сияқты нүктелік жарық көздерін дәл көрсету үшін радиалды комета тәрізді бұрмалауды басады, ал Fluorite, BR және UD линзалары хроматикалық аберрацияны азайтады. Canon компаниясының озық SWC және ASC жабындарының арқасында «елес» шағылыстар, жарқыл азайтылады.
f/1.4 диафрагмасында бүкіл кадрда керемет фокус дәлдігі RF 14mm F1.4L VCM объективінің астрофотография үшін өте қолайлы болуының бір себебі болып табылады. Үлкен максималды диафрагма жоғары кескін сапасы мен басқарылатын ISO деңгейлерін сақтай отырып, жұлдыздардың бұлыңғырлығын азайту үшін ысырма жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Аса кең бұрышты шолу арқасында бұл сондай-ақ кәсіби пейзаждық және сәулеттік фотосуреттер үшін немесе тар жерде түсіру үшін таптырмас объектив болып табылады. Оның үстіне RF 14mm F1.4L VCM объективінің гибридті құрылымы, оның ішінде автофокусты бірқалыпты және дәл бақылау, фокус «тынысын» азайту, 11 желекті дөңгелек диафрагма және арнайы диафрагманы басқару сақинасы6 оны суретпен қатар бейне түсіргісі келетін фотографтар үшін де тамаша объектив етеді.
RF 14MM F1.4L VCM объективінің негізгі қасиеттері:
- Жоғары сапалы түзу сызықты аса кең бұрышты гибридті фикс-объектив.
- Жылдам f/1.4 максималды диафрагмасы жарық аз кезде ашықтықтың таяз тереңдігін және қозғалыс еркіндігін қамтамасыз етеді.
- Асфералық, UD, BR және флюорит элементтерінің арқасында бүкіл кадрда айрықша айқындық пен кескін сапасын қамтамасыз етеді.
- Дыбыстық шарғысы бар мотор5 бірқалыпты, тыныш және дәл автофокусты қамтамасыз етеді, фокус «тынысын» азайтады.
- Бейнетүсірілім тиімділігін арттыру үшін қосымша гибридті функцияларымен кәсіби фотографтарға арналған.
- Кинематографиялық боке және 22 нүктелі жұлдыз жарқылы үшін 11 желекті дөңгелек диафрагма.
- Қолмен интуитивті басқару үшін диафрагманы басқару сақинасының6, басқару сақинасының және объективті басқару түймесінің бірқалыпты қозғалысы.
- L сериялы сапа, шаң мен ылғалға төзімділік4.
- 14 мм f/1.4 объективі үшін ықшам және жеңіл, салмағы шамамен 578 г.
RF 7-14mm F2.8-3.5L FISHEYE STM және RF 14mm F1.4L VCM объективтері туралы қосымша ақпарат алу үшін сайтқа кіріңіз: https://www.canon-kz.com
[xfvalue_img]
