Qazaqstan Investment Corporation ғылым, цифрландыру және өнеркәсіп саласындағы даму институттарының стратегиялық әріптестігі туралы Меморандумға қол қойды
Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы аясында «Жасанды интеллект және инновациялардың өмірлік циклі: Қазақстанның даму институттарының синергиясы» панельдік сессиясының қатысушылары ғылым, цифрландыру және өнеркәсіп саласындағы даму институттарының стратегиялық әріптестігі туралы Меморандумға қол қойды. Меморандумға «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ, «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» ЖШҚ РМК қол қойды.
Құжат тараптардың бірыңғай инновациялық циклды қалыптастыру және елдің технологиялық дамуы мен өнеркәсіптік серпілісін жеделдетуге бағытталған тиімді экожүйені құруға күш біріктіру ниетін бекітеді.
Тараптар өзара іс-қимылдың бірыңғай платформасын құру, инновациялық штабтың қызметін үйлестіру алаңы ретінде дамыту, цифрландыру саласындағы жобаларды ілгерілету, экспорт пен халықаралық коммерцияландыруды қолдау, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерін қорғау және коммерцияландыру жөніндегі бірлескен жұмыс туралы уағдаласты.
«Generative Nation» тақырыбында өтетін Digital Bridge 2025 форумы дәстүрлі түрде стартаптарды, корпорацияларды, венчурлық қорларды, даму институттарын және халықаралық сарапшыларды жинайды, цифрлық трансформация және жасанды интеллектті Қазақстан экономикасына енгізу перспективаларын талқылау үшін негізгі алаңға айналады.
Анықтама үшін:
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – негізгі миссиясы тікелей инвестицияларды тарту және негізгі салаларды жаңғыртуға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін жобаларды қолдау арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуіне жәрдемдесу болып табылатын, 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ - еншілес ұйымы. Қосымша ақпаратты https://qic.kz/ru сайтынан көруге болады.
«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ - инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты ретінде инновациялар экожүйесін дамытуды талдамалық сүйемелдеу шеңберінде мемлекеттік технологиялық саясатты іске асыруда және инновациялық инфрақұрылымды дамытуда әдіснамалық және консультациялық қолдау, инновацияларды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді. Қосымша ақпаратты https://qazinn.kz/ru сайтынан көруге болады.
«Ғылым қоры» АҚ – Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріне экономиканың нақты секторының қажеттіліктерін қанағаттандыратын ғылыми зерттеулерді, тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыруға жәрдемдесу. Қосымша ақпаратты https://science-fund.kz/kk/home/ сайтынан көруге болады.
«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне қарасты экспортты дамыту бойынша жалғыз оператор болып табылады, отандық өнімді сыртқы нарыққа шығару арқылы ШОБ қолдау көрсетеді. Қосымша ақпаратты https://qaztrade.org.kz/ сайтынан көруге болады.
«Қазақстан Даму Банкі» АҚ – Ұлттық даму институты, Қазақстанның өңдеу өнеркәсібін, инфрақұрылымын, орта және ірі бизнесті дамытуға бағытталған орта және ұзақ мерзімді жобаларды қаржыландырады. Оның қызметі инвестиция тартуға, елдің ресурстық емес әлеуетін дамытуға, инвестициялық белсенділікті жақсартуға көмектеседі. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ - еншілес ұйымы. Қосымша ақпаратты https://www.kdb.kz/ сайтынан көруге болады.
ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» ЖШҚ РМК – зияткерлік меншік объектілерін, оның ішінде тауар белгілерін, өнертабыстарды, өнеркәсіптік үлгілерді және басқа да объектілерді мемлекеттік тіркеуді және қорғауды жүзеге асырады. Қосымша ақпаратты https://qazpatent.kz/ru сайтынан көруге болады.
[xfvalue_img]

8 пікір